Қазақстан • 09 Маусым, 2022

Тараптар ортақ келісімге келді

243 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орталық сайлау комиссиясында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар мен адам құқықтары бюросы (ЕҚЫҰ/ДАҚБ) референдумды бағалау жөніндегі миссиясымен кездесу өтті.

Тараптар ортақ келісімге келді

Орталық сайлау комис­сия­сының төрағасы Нұрлан Әб­діров ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның Ре­фе­рендумды бағалау жөнін­дегі миссиясының басшы­­сы Та­маш Месеричпен бір­­қа­тар мә­­селе жөнінде пікірлесті. Со­ны­­мен қатар комиссия төр­аға­сы Тамаш Месеричге ре­ферендум­ды байқау бойын­ша ат­қар­ған жұмысы үшін алғы­сын біл­дірді. Өз кезегінде комис­сия төрағасы Тамаш Месерич 5 мау­сымда өткен республикалық референдумға дайындық пен оны өткізу жөніндегі жұмыстың аяқталуымен құттықтап, референдум ұйымдастырушыларына референдум комиссияларының барлық деңгейлерінде миссиямен тиімді өзара іс-қимыл жасалып, жоғары деңгейде өткенін атап өтті.

Екі тарап тұрақты консуль­тациялар режімінде және сай­лауаралық кезеңде бір-бірімен тығыз ынтымақтастығын жалғас­тыруға ниетті.

Кездесуге ОСК төраға­сы­ның орынбасары Константин Петров, ОСК хатшысы Мұхтар Ерман, сондай-ақ Миссия басшысы­ның орынбасары Доминик Хоуэлл, Миссияның саяси мәселе­лер жөніндегі маманы Рашад Ши­ринов, Миссияның сайлау мә­селелері жөніндегі маманы Адина Боркан қатысып, пікір­лерін білдірді.