Қазақстан • 09 Маусым, 2022

Ынтымақтастықтың жаңа деңгейі

299 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова мен Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.

Ынтымақтастықтың жаңа деңгейі

Бұл Меморандум ақпараттық бағыттағы өзара іс-қимылды әрі қарай жетілдіру үшін тараптар арасында ынтымақтастық ор­натуды көздейді. Сондай-ақ құ­жатта адам және азамат құ­қық­тарын қорғау саласында тә­жірибе алмасу, азаматтық және мәде­ниетаралық диалогтың тиімді жолдарын әзірлеп, оларды іске асыру жұмыстары да қамтылған.

Сонымен қатар Меморандум екі тараптың еліміздегі адам құқықтарына қатысты жағдай­лар мен этносаралық ахуал бо­йынша ақпарат алмасуына жол ашады. Сол арқылы деректерге мониторинг жүргізу және оларды талдау жұмысы жүргізілмек. Одан бөлек, Ассамблеяға азамат­тар­дан, шетелдіктерден, азамат­тығы жоқ адамдардан адам құқық­тары­ның бұзылуы туралы өтініш­тер келіп түскен жағдайда Адам құ­қық­тары жөніндегі ұлттық орта­лықты дереу хабардар ету, адам құқықтарын қорғау саласын­да түрлі іс-шара өткізу сияқты бір­лескен іс-қимылдар да қарастырылған.

Меморандумға өзара іс-қи­мыл­дың негізгі мәселелерін тал­­қы­лау нәтижесінде қол қо­йыл­­ғанын атап өткен жөн.