15 жастағы қазақстандық спортшы өз құрдастарының арасында топ жарды. Алдымен ол өзінің кіші тобында чемпион атанып, 1/16 финалда Катар Равад Алнасерді 3:1 есебімен жеңді.
Одан әрі 1/8 финал кезеңінде Польша өкілі Марсель Блащик те қазақстандыққа 3:0 есебімен жеңілді. Ал ширек финалда Украина спортшысы Михаил Ловга 3:0 есебімен ұтылды.
Финалға барар жолда Алан Құрманғалиев Болгария өкілі Йоан Величковты 3:1 есебімен жеңді.
Шешуші жекпе-жекте оның қарсыласы жапондық теннисші Казуко Ешияма болды. Айта кетсек, осыдан екі апта бұрын онымен кездесу өткізген қарағандылық спортшы Испанияда жеңіліс тапқан еді. Бұл жолы қарсыласынан озып шыққан Құрманғалиев 3:1 (11:8, 11:13, 11:4, 11:7) есебімен чемпион атанды.