Әлем • 09 Маусым, 2022

Вейп тартқан жасөспірім алдыңғы тістерінен айырылды

490 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Екатеринбургте вейп (электронды темекі) жарылып кетіп жасөспірім алдыңғы тістерінен айырылып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Вейп тартқан жасөспірім алдыңғы тістерінен айырылды

Полиция мәліметінше, 15 жастағы жасөспірім досынан электронды темекі алып, үйде ешкім болмаған кезде тұтынған.

«Жасөспірімнің ауыз қуысында қатты ауырсыну сезініп, қан кеткен. Кәмелетке толмаған баланың алдыңғы бес тісінің жоқ екені анықталды», делінген хабарламада.

Ата-анасының жазасынан қорыққан бала, алғашында бұл туралы ешкімге тіс жармаған. Алайда көп ұзамай анасына болған жайды баяндап берген.

Оқиға салдарынан, жасөспірімнің үстіңгі-астыңғы ерні жыртылып, алдыңғы тістері сынып, білегі күйіп қалған. Аталған факті бойынша Ішкі істер министрлігі тергеу жұмыстарын бастады.

Айта кетсек, Қазақстанда «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекске вейптерді сатуға және пайдалануға тыйым салатын түзетулер енгізілмекші.

Салтанат Кенжебай