Оқиға • 09 Маусым, 2022

Шымкентте алаяқ әйел үш жылға сотталды

353 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте алаяқ әйел үш жылға сотталды. Бұл туралы Polisia.kz сайты мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкентте алаяқ әйел үш жылға сотталды

Жергілікті тұрғын ақша табу жолында екі азаматқа оқуға бармай жоғарғы оқу орнының оқуын оқығаны туралы диплом құжатын алып беруге және оқу кезеңінде болатын емтихандарды тапсырмай өтуіне көмектесе алатынын айтып, сенімдеріне кірген. Осылайша жастардан 100 мың теңге және 70 мың теңге қолма-қол алған.

Кейіннен оқу жылдары аралығында емтихандардан өту үшін жәбірленушілерден бөліп-бөліп, әрқайсысынан 800 мың теңгеден алып, бас пайдасына жаратқан.

Білікті мамандардан құрылған тәртіп сақшылары шұғыл-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, куәгерлерден жауап алып, ақша аударымдары тексерілді. Нәтижесінде, жедел уәкілдер оқу орнының бұрынғы қызметкері болған күдіктіні анықтап, ұстады. Ол өз ісін толығымен мойындады.

Қылмыстық іс дәлелденіп, ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 3-тармағында (Екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалған алаяқтық) көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, сот үкімімен үш жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.