Спорт • 10 Маусым, 2022

Қазақстандық екі боксшы әлемдік рейтингте жоғарылады

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық боксшылар Бек Нұрмағанбет (7-0, 5 КО) пен Евгений Павловтың (7-0, 5 КО) АҚШ-тағы соңғы жеңістерінен кейін рингтегі позициясын қайта қарады, деп хабарлайды  Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қазақстандық екі боксшы әлемдік рейтингте жоғарылады

Нұрмағанбет соңғы жекпе-жегінің екінші раундында АҚШ боксшысы Хейнелл Уилерді (7-2, 6 КО) нокаутпен жеңгеннен кейін BoxRec-тің супер орта салмақтағы рейтингінде бес позицияға бірақ көтеріліп, 73-ші орыннан 68-ге көтерілген. Екінші раундта мексикалық Алексис Салидоны (2-3, 1 КО) нокаутқа түсірген Павлов екінші жеңіл салмақтағы рейтингте 62-ші орыннан 55-ке шықты. 

Айта кетейік, бұл екі боксшы WBA International нұсқасы бойынша өз салмақтарында чемпион атағына ие.