Қазақстан • 11 Маусым, 2022

ҰБТ-дан 139 ұпай жинаған екі түлектің нәтижесі жойылды

505 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҰБТ-дан 139 ұпай жинаған екі түлектің нәтижесі жойылды. Бұл туралы ҚР БҒМ «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК директоры Руслан Емелбаев әлеуметтік желіде мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

ҰБТ-дан 139 ұпай жинаған екі түлектің нәтижесі жойылды

Оның айтуынша, талапкерлердің бейнежазбаларын қайта тексеру барысында ереже бұзу фактілері анықталған.

«Сіздер ҰБТ-да өз білімдеріңізбен жоғары ұпай жинасаңыздар, біз қатты қуанамыз. Бірақ академиялық адалдық қағидаларын сақтамай, оңай тапсыру жолдарына жүгінетін талапкерлер бар. Сондықтан сіздерге қуанышты жаңалықты айтар алдында қосымша тексеріс жүргізуді жөн көрдік. Өкінішке қарай, талапкерлердің бейнежазбаларын қайта тексеру барысында ереже бұзу фактілері анықталды. Тиісті шаралар қолданып, түлектің ұпайын жойдық.

Құрметті талапкерлер! Өзіңізді де, өзгелерді де алдаудың қажеті жоқ. Ең дұрысы армандарыңызға адал жолмен жетіңіздер. ҰБТ-2022-де терең білімінің арқасында 140 ұпай жинайтын тест тапсырушы табылады деп сенеміз. Ол дәл СІЗ болуыңыз мүмкін, біз СІЗДІ күтеміз!», деді Емелбаев.

Сондай-ақ ол дәл қазір 100-ден аса жоғары ұпай жинаған талапкерлердің бейнежазбасы қосымша тексерістен өткізіліп жатқанын атап өтті.