Астанада алғаш рет өткелі отырған Азия даму банкі басқарушылар кеңесінің мәжілісінде жол мәселесіне мән берілмек. Ал оның негізгі тақырыбы «Жаңа Жібек жолы – өзгермелі әлемдегі Азияны Еуропамен біріктіру» деп аталып отыр.
Кеше Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте осы мәжіліс жайында айтылды. Оған «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ басқарма төрағасы Мақсат Мұқанов, Азия даму банкінің жыл сайынғы мәжілісінің үйлестірушісі Джил Дрилон және Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің инвестициялық саясат департаменті директорының орынбасары Алмас Байтенов қатысты.
Азия даму банкі басқарушылар кеңесінің 47-ші жыл сайынғы мәжілісі алдағы 2-5 мамыр аралығында өтеді. Оған Қазақстан атынан басқарушы – Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев төрағалық етпек.
Шараға құрамында Азия даму банкіне мүше-елдерден басқарушылар, қаржы министрлері, ірі халықаралық банктер жетекшілері, қаржылық ұйымдардың, мемлекеттік және мемлекеттік емес, басқа да ұйымдардың жетекші мамандары бар, барлығы 3500-ден 5000-ға дейін адам қатысады деп күтілуде.
Мәжіліс тақырыбының жол мәселесіне арналуына Қазақстанның тарихи Жібек жолында орналасуы басты себеп болып отыр. Ал АДБ жобаларының бірі «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жобасын қаржыландыру болып табылады. Бұл жоба Қазақстанның оңтүстік облыстарынан өтеді, сондықтан аймақтың көлік жолдарын дамытуға және тек Еуропаның емес, сондай-ақ Азияның да үлкен нарығына шығуға мүмкіндік бермек. Еске сала кетсек, 2013 жылы АДБ Қазақстанмен ынтымақтастық аясында Азия даму қорына донорлық көмек ретінде 5 миллион доллардан астам қаражат бөлген.
«Отырыс барысында 25-ке жуық ірі шаралар, пікірталастар өтеді. Бұл отырыстың ерекшелігі мұнда алғаш рет «жасыл экономика» қағидасын негізге алып отырмыз. Айта кететін тағы бір жайт, қазіргі кезде Қазақстан техникалық қайтарымсыз көмек алушы ғана емес, керісінше, дамушы елдерге жәрдемдесу бойынша Азия даму банкінің әріптесі болуға ниетті», деді брифинг барысында «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ басқарма төрағасы М.Мұқанов. Сондай-ақ, ол мәжіліс аясында саясаткерлер, бизнесмендер, Еуропадан және Орталық Азия аймақтарының қаржылық институттарынан келген өкілдерге Қазақстан экономикасына салынған инвестициялар мәселесін талқылауға мүмкіндік беретін «Invest in Kazakhstan» халықаралық инвестициялық конференциясы ұйымдастырылатынын мәлімдеді. Яғни Қазақстанның заманауи инвестициялық климаты да айрықша назарда болады.
Динара БІТІКОВА,
«Егемен Қазақстан».

Алматыда LRT құрылысына байланысты бір көше уақытша жабылады
Қоғам • Бүгін, 16:17
Алдағы демалыста 41 градусқа дейін ыстық болады
Ауа райы • Бүгін, 16:11
Шахтинскіде екі жұмысшы кәріз шұңқырына құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 16:04
Израильде еврейлер әскерге шақыруға қарсы наразылық акциясын өткізді
Әлем • Бүгін, 15:47
Өрт сөндіру техникаларына кедергі келтірген көліктер жаппай эвакуацияланып жатыр
Қоғам • Бүгін, 15:28
Щучинск тұрғыны сотқа жалған айғақ бергені үшін бас бостандығынан айырылды
Заң • Бүгін, 15:19
Биыл Астанада 24 апатты үй сүріледі
Елорда • Бүгін, 15:15
Конгода Эбола індетінен 232 адам көз жұмды
Әлем • Бүгін, 15:03
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Яков Милатович кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 14:58
Ұлттық банк: Құжаттардағы «тенге» сөзі «теңге» болып өзгертіледі
Теңге • Бүгін, 14:49
Мал ұрлығымен айналысқан 58 қылмыстық топ ұсталды
Қылмыс • Бүгін, 14:36
Кибер-күзетші: Қарағандыда робот-ит сынақтан өтіп жатыр
Digital • Бүгін, 14:21
Астанада «Ойыншықтар хикаясы 5» анимациялық фильмінің жабық көрсетілімі өтті
Қоғам • Бүгін, 13:44
Жанабыловтерден тәркіленген 8 автокөлік сатылымға шығарылды
Оқиға • Бүгін, 13:27