Қазақстан • 11 Маусым, 2022

Министр АЭС салуда Балқаш көлінің аумағы неғұрлым оңтайлы болып табылатынын айтты

660 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Энергетика министрі Болат Ақшолақов арнайы брифингте Алматы облысы Үлкен ауылы маңындағы Балқаш көліне жақын жерден АЭС салу қаншалықты қауіпсіз екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министр АЭС салуда Балқаш көлінің аумағы неғұрлым оңтайлы болып табылатынын айтты

Министрдің айтуынша, Қазақстанның барлық өңірінде сейсмикалық қауіп бар. Бұл мәліметтер 2006 жылы алынған.

«Тіпті, тауы жоқ өңірлерді алалық, мысалы Батыс Қазақстанда техногендік сейсмикалық қауіп бар, өйткені мұнда мұнай мен газ өндірісі жүріп жатыр, сондай-ақ ол арада тектоникалық плиталар бар. Олардың қозғалып кету мүмкіндігін ешкім жоққа шығара алмайды. АЭС-тың орналасу орнын таңдау кезінде климат, судың болуы ескеріледі. Осының барлығын қорытындылай келе, біз болашақта атом электр станциясын орналасуына Балқаш көлінің ауданы неғұрлым оңтайлы болып табылады деп есептедік», деді Болат Ақшолақов

Алдын ала ақпарат бойынша, Балқаштағы су атом реакторларын салқындату үшін пайдаланылатын болады.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50