Аймақтар • 11 Маусым, 2022

Алматы облысында тас жолда ер адамды көлік қағып кетті

252 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жүргізуші дереу жедел жәрдем мен полицияны шақырды. Дәрігерлер көлік қаққан ер адамды шұғыл ауруханаға жатқызды, бірақ ол жан сақтау бөлімінде қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысында тас жолда ер адамды көлік қағып кетті

Шамалған-Тұрар тас жолында жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті.

Toyota Hilux жүргізушісі оңтүстік бағытта келе жатқан. Оның айтуынша, Үштерек ауылынан кейін қараңғыдан ер адам жолға атып шыққан. Жүргізуші қанша әрекет жасағысы келгенімен, онысынан түк шықпаған.

Toyota жүргізушісі оқиға орнына бірден жедел жәрдем мен полицияны шақырған. Дәрігерлер зардап шегушіні шұғыл түрде ауруханаға жатқызды. Үш сағаттан кейін 1963 жылғы ер адам жансақтау бөлімінде қайтыс болғаны белгілі болды.

Жол апаты орнында Алматы облысының анықтаушылары мен криминалистері жұмыс істеді, сараптамалар тағайындалды.