23 Сәуір, 2014

Әріптестік әлеуеті артады

243 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстанның Қорғаныс министрі Серік Ахметов Әзербайжанға ресми сапары барысында осы елдің Қорғаныс өнеркәсібі министрі Явер Джамаловпен кездесті. Кездесу барысында екі тарап әскери  саланы одан әрі өзара дамыту жөнінде келіссөздер жүргізді. «Біз әскери-техника саласында ынтымақтастықты дамыту жөнінде жұмыс тобын құру мәселесін қарастыруға дайынбыз», деп атап өтті С. Ахметов.