Спорт • 12 Маусым, 2022

Қазақстан ауыр атлетикадан әлем чемпионатының алғашқы медалін жеңіп алды

385 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан құрамасы Леон қаласында (Мексика) өтіп жатқан ауыр атлетикадан ұлдар мен қыздар арасындағы әлем чемпионатында алғашқы медальді жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан ауыр атлетикадан әлем чемпионатының алғашқы медалін жеңіп алды

Жарыстың бірінші күні Қазақстанға медальді 40 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Александра Беленко әперді. Ол жұлқа көтеруде 125 келі және серпе көтеруде 70 келі көтеріп, қола жүлдегер атанды. Үндістандық Аканша Вявхаре 127 келі (59+68) көтеріп, күміс жүлдегер атанса, колумбиялық ауыр атлет Лорен Эстрада Велес 128 келі (55+73) нәтижемен алтын медальға қол жеткізді.

Сондай-ақ, Александра Беленко серпе көтеруде шағын күміс медальді де еншіледі.