Украина дағдарысына байыппен көз тіксең, тәуелсіздік алар қарсаңда біздің өз еліміздің алдында тұрған өте-мөте күрделі, тіпті, мен айтар едім, жарылыс қаупі бар ішкі және сыртқы сын-қатерлер аса өткірлігімен ерекшеленгенін түйсінесің.
Сол тұста көптеген атақты әлемдік саясаткерлер мен сарапшылар Қазақстанның егемен мемлекет ретінде тіршілік кешуіне қатысты айтарлықтай пессимистік болжамдар жасағаны да есімізде. Және мұндай сөз саптауларға бірқатар объективті себептердің болғанын да мойындауға тиіспіз.
Сол кездері бұрынғы бірқатар кеңестік республикаларды көптеген этносаралық жанжалдар оты шарпып, соның салдарынан қан да төгіліп үлгерген еді. Сәйкесінше, бұл тұрғыда көпұлтты Қазақстан да аталған бағытта айтарлықтай осал болатын. Бұған қоса, тікелей және ауыспалы мағынада алғанда, қоғамдық санаға қолдан жасалған екі экологиялық апат аймағы – Арал теңізі мен Семей полигонының ауыр салдары кері әсерін тигізгені анық еді.
Ел экономикасы бұрын кездеспеген қиындықтармен бетпе-бет келіп, шын мәнінде, тұңғиықтың қиян шетінде тұрған еді. Өнеркәсіп өндірісі екі есе, ауыл шаруашылығы өндірісі үштің біріндей қысқарып кетті. Кәсіпорындар тоқтап, жұмысшылар саны апатты жағдайға дейін өсті. Мұның бәріне қоса, Қазақстан орталықты шикізатпен қамтамасыз етуші республика ғана болып келсе, ел экономикасының 93 пайызы одаққа қызмет етіп, тек 7 пайызы ғана өз сұранысына жауап бергені ұмытыла қойған жоқ.
Осындай жарылыс қатері айтарлықтай зор шақта Президенттің әр қадамы аса дәлдікпен жасалуы тиістігімен келіспеске болмайды. Ел жан-жақтан талапайға түседі деген болжамдар жасалғанымен, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен халқымыз бүкіл әлемге басқа қырынан танылды. Бірінші кезекте, біздің көпұлтты шаңырағымызда бейбітшілік пен келісім, бірлік пен өзара түсіністік қамтамасыз етілді. Міне, дәл осы жайт тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі және болашақтағы сенімді де дәйекті дамуының сенімді іргетасы болып қаланды. Осы жылдар бедерінде бұл құндылығымыз көздің қарашығындай сақталып келеді.
Заңды түрде ресімделмеген шекара жоқ кезде егемендік пен тәуелсіз мемлекет туралы сөз қозғаудың өзі мүмкін емес. Бұл, әсіресе, өзінің көпғасырлық қиын да күрделі тарихында, осы сөздің толық мағынасында мемлекеттік шекарасы болмаған қазақ халқы үшін аса өткір де тағдыршешті мәселе еді. Сондықтан да біздің Елбасы үшін осы шекара мәселесін шешу аса маңызды басымдыққа айналды. Қазақстан шекарасының үлкен бөлігі екі ұлы держава – Ресеймен және Қытаймен шектесетіндіктен, бұл мақсатқа жетудің қиындығы зор болатыны айтпаса да түсінікті еді. Оның үстіне, патшалы Ресей уақытында да, кеңестік кезеңде де Мәскеу мен Бейжің арасындағы шекараны реттеуге қол жеткізілмеген-тін.
Нұрсұлтан Әбішұлының тікелей басшылығымен тер төге жүргізілген көп жылғы жұмыстардың нәтижесінде 2002 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы мемлекеттік шекараны халықаралық құқықтық ресімдеу аяқталды. Ал 2006 жылы Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шарт ратификацияланды.
Бүгінгі молшылық заманда, экономика тұрақты өсіп отырған кезеңде және жаңа заманауи өндіріс орындары көптеп пайда бола бастаған тұста біздің жас отандастарымызға – тәуелсіздіктің құрдастарына 90-жылдардағы экономикалық коллапсты көз алдарына елестетудің өзі қиын.
Осындай жағдайда Президент елді жеделдете демократияландырудың жалпыға ортақ эйфориясына ермей, бекем және шынайы түрде былай деп мәлімдеді: «Біз басымдықтарды рет-ретімен орын-орнына қоюымыз керек: алдымен – экономика, содан соң – саясат».
Міне, осы жылдардың бәрінде Қазақстанда экономикалық реформалар қарқынды жүргізілсе, олар біздің қоғамымызды саяси оңтайландырумен нығайтыла түсуде.
Президент отандастарының нақты қолдауына арқа сүйей және өз халқының жасампаз әлеуетіне алғаусыз сене отырып, ауқымы және қарқыны жөнінен бұрын-соңды болмаған экономикалық және саяси реформаларды табысты жүргізуді қамтамасыз етті. Оның үстіне, өзге жаңа тәуелсіз мемлекеттер ағымдағы мәселелерін шешіп жатқанда, біздің еліміз өзінің 2030 жылға дейінгі мақсаттарын айқындап, ұзақ мерзімді стратегия бойынша дами бастады.
1990-жылдарды ел экономикасында ғажайып секіріс жасауға дайындық жүргізілген қалыптасудың он жылдығы деп айтуға толық негіз бар. Осы кезеңде Қазақстан Елбасының басшылығымен өте қысқа мерзімде аса ауыр посткеңестік өтпелі кезеңді табысты еңсеріп, түбегейлі құрылымдық жаңғыртуларды жүзеге асыра алды.
Қазақстан бүгінде ІЖӨ өсімі қарқыны бойынша «Азия жолбарыстарын» басып озды. Қысқа тарихи мерзімде бір адамға шаққандағы ішкі жалпы өнім 700 доллардан 13 мың долларға дейін өсті. Қазір Қазақстан Бүкіләлемдік банктің классификациясы бойынша табыс деңгейі орташа елдер қатарына кіреді. Әлемде осындай тарихи қысқа мерзімде экономикалық дамуы мен халқының өмір сүру деңгейі осыншама артқан елдер саусақпен санарлықтай. Тіпті, «Азия жолбарыстары» – Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне де осындай көрсеткіштерге жету үшін 50 жыл қажет болды.
«Қазақстан-2030» Стратегиясының негізгі міндеттерін мерзімінен айтарлықтай бұрын табысты орындау Президентті одан да ауқымды бағдарлама – «Қазақстан-2050» Стратегиясын ілгерілетуге итермеледі. Ал бұл Стратегияның мақсаты Қазақстанды әлемдегі аса дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосу екенін бүгінде еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін біледі.
Бұған қоса, Мемлекет басшысы өзінің қаңтардағы Жолдауында алғаш рет идеологиялық, мен, тіпті, ұлы мақсатты рухани толықтыратын деп айтар едім, «Мәңгілік Ел» идеясын ұсынса, Елбасы Тәуелсіздіктің барлық жылдарында елді нық жолмен және дәйекті түрде осы мақсатқа бастап келеді.
«Мәңгілік Ел» – әлемдік қоғамдастықта лайықты орны бар тәуелсіз, демократиялық дамыған, экономикалық күшті, бейбітсүйгіш Қазақстан. Президент әділетті түрде мәлімдегеніндей: «Біз, қазақстандықтар, біртұтас халықпыз! Және біз үшін ортақ тағдыр – бұл Мәңгілік Ел, біздің лайықты да ұлы Қазақстан! «Мәңгілік Ел» – біздің жалпықазақстандық шаңырағымыздың ұлттық идеясы, ата-бабаларымыздың арманы. Тәуелсіз дамудың 22 жылында барлық қазақстандықтарды біріктіріп, еліміздің болашақ іргетасын қалайтын басты құндылықтар құрылды. Олар аспандағы қол жетпес теориялардан алынған жоқ. Бұл құндылықтар – уақыт сынына төтеп берген Қазақстан Жолының тәжірибесі».
Қазақстанның табысты әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуының аса маңызды факторы сыртқы оңтайлы жағдайлар қалыптастыру болды. Елдің айтарлықтай күрделі геосаяси жағдайын қаперге ала отырып, Нұрсұлтан Назарбаев егемендіктің алғашқы күндерінен бастап тәуелсіз Қазақстанның қазіргі өмір шындығына сәйкес келуі ықтимал жалғыз сыртқы саясатын айқындады. Ол – көпвекторлық пен центризм.
Назарбаевтың мінезі және іс-әрекеті бойынша центрист екенін айтқан абзал. Осы жылдардың бәрінде, ішкі және сыртқы күрделі сын-қатерлерге қарамастан, Президент адам айтқысыз төзімділік, сарабдалдық пен ерлік таныта отырып, ел ішінде де, халықаралық аренада да қандай да бір қателіктерге жол берген жоқ.
Міне, осындай ұстаным біздің Мемлекетіміздің басшысына маневр жасаудың еркіндігін, бүгінгі жедел өзгеріс заманында әр нақты жағдайға дер кезінде және дәлдікпен жауап қайтарудың мүмкіндігін беріп отыр. Нұрсұлтан Назарбаевтың тағы бір тамаша дарыны – оның оқиғалар ағынында әлемдік дамуда айқындаушы тренд болатын басты нәрсені дөп басып көре білетін қасиеті. Мәселен, ол қазіргі кезде жаһандану үдерістері алға тартып отырған мемлекеттердің өзара тәуелділігін алғашқылардың бірі болып аңғарды.
Осындай жағдайда кез келген мемлекеттің ашық теңізге жалғыз шығуы айтарлықтай проблемалар туғызатыны анық. Оның үстіне, мұндай жайт әлемдік мұхитқа тікелей шығатын жолы жоқ біздің еліміз үшін әлемдік нарыққа аяқ басудың өзі мүмкін емес дегенді білдіреді. Сондықтан Қазақстан Бүкіләлемдік сауда ұйымының толыққанды мүшесі болуға ұмтылыс танытып, ЕО-мен және АСЕАН елдерімен ынтымақтастығын кеңейте түсуде. Міне, нақ сондықтан Нұрсұлтан Әбішұлы КСРО ыдырағаннан кейінгі алғашқы күндерден посткеңестік кеңістіктегі интеграцияның берік жақтаушысы болып қалып келеді.
Өзінің таяудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясындағы сөзінде Мемлекет басшысы кезекті мәрте былай деп атап көрсетті: «ХХІ ғасыр – интеграция ғасыры. Ұлттық мүдде тұрғысынан мұқият ойластырылған интеграцияға қарсы болу – дамудың заманауи үрдістеріне қарсы болу».
1992 жылдың 17 қаңтарында біздің Президент Ресей Президенті Борис Ельцинмен жұмыс күшінің, тауарлардың, қызмет көрсетулердің, капиталдардың Қазақстан мен Ресей арасында еркін қозғалысы туралы шартқа қол қойса, ол сол кездің өзінде-ақ бүгінгі Кеден одағының белгілі бір көрінісі болған еді. Алайда, Ресей бюрократиясының ішкі қарсылығынан аталған шарт жүзеге асырылмады. Екі жыл өткен соң, 1994 жылдың 29 наурызында өзінің ММУ-дегі атақты сөзінде Нұрсұлтан Әбішұлы стратегиялық интеграциялық бағдарлама ұсынып, оны жүзеге асыру үшін 20 жыл қажет болды. Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістік құрудың мәні үш елдің өзара тиімді экономикалық ынтымақтастығы болып табылады. Тұтастай алғанда, КО мен БЭК-тің тиімділігі көзге бүкіл Одақ үшін де, сондай-ақ, оның әр қатысушысы үшін де тайға таңба басқандай анық көрінеді.
Және бұл жерде біздің Елбасы әу бастан барынша қатал және шынайы болды: «Біз экономикалық одақ құрамыз, сондықтан комиссияның міндеті шартқа экономикалық интеграцияның шегінен асып кететін ережелерді қоспау болып табылады», деп ашық мәлімдеді.
2013 жылдың сәуірінде өткен Еуразиялық медиа-форумның ашылуында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы бұрынғыдан да қатаңырақ түрде былай деп мәлімдеді: «Нақты атап көрсеткім келеді, Қазақстан өзінің бүкіл тарихында алғаш рет тәуелсіздік алды, халқымыз тұңғыш рет еркіндіктің тәтті дәмін сезінді, осы себепті біз тәуелсіздігімізді ешкімге де берейін деп отырған жоқпыз. Егер қандай да бір бірлестік елдің тәуелсіздігіне, біздің Конституциямызға қысым көрсететін болса, онда біз ол ұйымды дереу тастап, одан шығамыз».
Мұндай ұстанымды Нұрсұлтан Әбішұлы тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап қатаң ұстанып келеді.
Мен сонау 1992 жылы Анкарада өткен Түркітілдес мемлекеттер басшыларының саммитінде Түркітілдес мемлекеттердің достастығын құру туралы хаттама жобасы іс жүзінде келісіліп, оны Әзербайжанның, Қазақстанның, Қырғызстанның, Түрікменстанның, Түркияның және Өзбекстанның президенттері қол қоюы тиіс болатын оқиғаға куә болған едім. Бұл жобада Түркияның қандай да бір жетекші рөлі байқалған-тын. Сонда Нұрсұлтан Әбішұлы: «Біздің бұған дейін бір үлкен ағамыз болған. Енді Қазақстан ешқашан ешкімнің інісі болмайды. Және мұндай декларацияға біз қол қоймаймыз», деп мәлімдеген еді. Ізгі ниетті достық ауанында өтіп жатқан саммитке қатысушылар үшін Қазақстан Президентінің мұндай қатаң ұстанымы мүлдем күтпеген жағдай болды. Бүкіл газеттер мен ақпарат агенттіктері Анкарадан басты жаңалықты «Түркітілдес мемлекеттер саммитінде Назарбаев өрекпіген жүректерді су сепкендей басты», деген тақырыппен берді. Бұл біздің Мемлекетіміз басшысының тек саяси ұстанымы ғана емес, сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаевтың – туған халқы перзентінің тәуелсіздік қашанда өзі үшін жоғары құндылық болып табылатын табиғи жүрек дүрсілі жағдайы деуіміз керек.
Тәуелсіздіктің таңсәрі шағынан бастап Елбасы біздің жас мемлекетіміз әлемдік саясаттан шетқақпай қалмай, халықаралық аренада лайықты орын алуы үшін қолынан келгенінің бәрін жасады. Президенттің көп жылғы және дәйекті күш-жігерінің нәтижесінде, еліміздегі тұрақтылықтың, бейбітшілік пен келісімнің арқасында Қазақстан бүгінде әлемдегі белгілі және құрметті ел, ал Мемлекет басшысы пікірімен әлемнің жетекші елдерінің басшылары санасатын қазіргі заманғы аса беделді және мойындалған көшбасшылардың бірі болып табылады.
Жақында Гаагада болып өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит Қазақстан басшысының белсенді де жемісті сыртқы саяси қызметі мен оның өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаршап-шалдықпайтын дәйекті күш-жігеріне деген халықаралық қоғамдастықтың өсіп келе жатқан құрметі мен қолдауының жарқын көрінісі болды.
Әлемдік ақпарат агенттіктері онлайн режімінде дүниежүзіне 53 елдің мемлекет және үкімет басшылары қатысқан саммиттен хабарлар таратты. Біздің Президентіміз аса ірі халықаралық форумда шешуші және барынша ізделген тұлғалардың бірі болғаны осыны көрген қазақстандықтардың заңды мақтанышын туғызғанын бөліспеу, әрине, қиын. Міне, нақ біздің Мемлекетіміздің басшысымен осы қызу шақта кездесуді қажет деп тауып, көкейкесті халықаралық проблемаларды талқылағандардың арасында әлемнің жетекші елдері мен ұйымдарының басшылары – АҚШ Президенті Барак Обама, Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинь, Ұлыбритания Премьер-министрі Дэвид Кэмерон, Франция Президенті Франсуа Олланд, Жапония Премьер-министрі Синдзо Абэ, Финляндия Республикасының Президенті Саули Ниинисте, БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун және басқаларының болуы кездейсоқтық емес.
Мұндай әлемдік мойындау мен құрмет Нұрсұлтан Назарбаевтың өз халқы мен бүкіл дүниежүзі игілігі жолындағы жасампаз қызметінің ғаламат нәтижелеріне келіп тірелетінін атап көрсеткен абзал. Мәселен, бүгінде халықаралық қоғамдастық біздің Мемлекетіміз басшысының ядролық қаруды таратпау және қысқарту жөніндегі көп жылғы дәйекті күш-жігерін жоғары бағалайды.
Біздің Президентіміздің өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан сүбелі үлесі Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК), Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі, G-Global және Астана экономикалық форумы сияқты белгілі халықаралық бастамалары болып табылады.
ЕҚЫҰ-ға мүше 56 елдің басшыларының басын қосып, саммит өткізуге деген 11 жылғы табыссыз әрекеттерден соң тек Нұрсұлтан Назарбаевтың ғана 2010 жылы тәуелсіз Қазақстанның елордасында осы Ұйымның Саммитін өткізіп, оның үстіне тарихи Астана декларациясын қабылдауға қол жеткізе алғаны баршаға мәлім. ЕҚЫҰ-ның Астана Саммиті, асыра айтқандық емес, ХХІ ғасырдың алғашқы онжылдығының аса ірі халықаралық оқиғасының бірі болды.
Бұл, шын мәнінде, Қазақстанның жұлдызды сәті, біздің Президентіміздің еңбегі сіңген жеке триумфы, халқымыздың ұлылығының, бірлігі мен тұтастығының жарқын көрінісі.
Жоғарыда аталған Қазақстанның барлық аса ірі халықаралық акцияларының тарихи табысы, бірінші кезекте, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың стратегиялық көрегендігінің, бұлжымас саяси ерік-жігерінің, ерекше күш-қуаты мен сирек кездесетін жеке харизмасының арқасында мүмкін болды.
Егемендіктің елең-алаң шағынан бері Президентіміз Қазақстандағы бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету саясатын сыртқы әлемге де сіңіруге ұмтылыс танытып келеді. 2010 жылдың сәуірінде Қырғызстандағы аса ауыр дағдарыс кезінде осылай болды. Көрші елдегі қарсы тұрушылық шарықтау шыңына жеткен шақта АҚШ Президенті Барак Обама мен Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведев Нұрсұлтан Назарбаевқа дағдарысты реттеу, Қырғызстандағы азамат соғысын болдырмау бойынша аса ауыр миссияны өзіне алуды өтініп, қайырылды. Сонымен қатар, оған АҚШ пен Ресей басшыларының атынан осы жұмысты алаңсыз жүргізуге құқық берілді.
2010 жылдың сәуіріндегі қатерлі күндер мен түндерде біздің Мемлекетіміз басшысының тек жоғары халықаралық беделі ғана емес, сондай-ақ, оның ең қызуы көтерілген бастардың өзін сабасына түсіріп, қарсыласушы тараптарды сендіре алатын сирек кездесетін таланты жарқырай көрінді.
Күндер мен түндер дегенде, мен ешқандай да асыра айтып тұрған жоқпын. Қырғызстандағы жағдай күрт ушыққан сәтте біздің Президентіміз Вашингтондағы ядролық қауіпсіздік жөніндегі бірінші саммит жұмысына қатысып жатқан болатын. Міне, осылайша күндіз ол саммит жұмысына қатысып, сөз сөйлеп, басқа мемлекеттердің басшыларымен кездессе, ал түнде (ол кезде бізде күндіз) телефон арқылы Астанамен, Бішкекпен сөйлесіп, тиісті тапсырмалар берді. Осылайша Нұрсұлтан Назарбаевтың, АҚШ және Ресей президенттерінің бірлескен күш-жігерінің нәтижесінде Қырғызстанның азамат соғысына қарай бет алысын тоқтатып, үдерісті жалпыұлттық үнқатысу арнасына бағыттауға қол жеткізілді.
Украинадағы жағдайларға байланысты да әлемнің барлық жетекші елдерінің басшылары дағдарысты реттеу бойынша консультацияларды нақ Қазақстан Президентімен өткізу маңызды деп шешкені табиғи жағдай болса керек. Біздің бәріміз таяудағы Кремльден, Ақ үйден, Даунинг-стрит-10-нан, Берлиннен Ақордаға соғылған телефон қоңырауларының жиілігін жақсы білеміз. Бұл сонау ежелгі римдік Квинт Гораций Флакк айтқан «Егер сенің көршің өртеніп жатса, апат саған да қатер төндіреді» деген сөздің дұрыстығы мен бүгінгі көкейкестілігін кім-кімнен де артық түсінетін біздің Мемлекетіміздің басшысы үшін жоғары құрмет, сонымен қатар, аса зор жауапкершілік те болып табылады.
Осындай күрделі жағдайда барлық тараптарды сабаларына түсіп, мәселені қалыптасқан халықаралық норма аясында өркениетті бейбіт келіссөз жолымен шешуге шақырған Президент, бірінші кезекте, Қазақстанның ұлттық мүддесін басты назарында ұстаған еді.
Мен АҚШ-та жұмыс істеген кезде Нұрсұлтан Назарбаев Ресеймен, Қытаймен және АҚШ-пен әріптестік қатынастарды құруға қалай қол жеткізеді, олардың Қазақстандағы мүддесінің тепе-теңдігін қайтіп табысты қамтамасыз етеді деп жиі сұрайтын. Ол өзі қандай адам? Ресей, Қытай әлде АҚШ жағында ма? – деген сауалдар да жиі қойылатын. Менің жауабым да әркез біреу-тұғын: «Біздің Президент Ресейдің де, Қытайдың да, АҚШ-тың да жағында емес. Ол қазақстандықтар жағында. Ол не істесе де, бірінші кезекте, өз халқының қауіпсіздігі мен игілігі үшін жұмыс істейді».
Украина мен оның төңірегіндегі оқиғалар Тұңғыш Президенттің тәуелсіздіктің барлық жылдарында бейбітшілік пен келісім, жасампаздық пен өркендеу жолымен жүріп келе жатқан тәуелсіз Қазақстан құру жөніндегі стратегиясының дұрыстығын тағы бір мәрте сенімді түрде қуаттап берді. Қазақстан тұтастығының, ұлы мақсат – «Мәңгілік Елге» жетудің кепілі, міне, осында.
Мемлекетіміздің басшысы әділетті атап өткеніндей, «бүгінде Қазақстан – әлемдегі аса қауіпсіз аздаған елдердің бірі. Қазақстандықтар бүкіл әлемге өсіп-өркендеуге жеткізетін жалғыз дұрыс жол халықтың жұдырықтай жұмылуы екенін дәлелдеп берді. Бізде әлі де әрі қарай дүниежүзіне тұрақтылықтың, төзімділіктің және қоғамды жұмылдырудың үлгісін көрсетуге мүмкіндік бар. Біз тек осылайша ғана жаһандық сын-қатерлерге қарсы тұра аламыз».
Және көпұлтты Қазақстан халқы Елбасының ғаламат басшылығымен әрі қарай да тәуелсіздіктің барлық жылдарында сыналған жолмен нық және дәйекті түрде жүрісін жалғастыруға дайын.
Бүгінгі әлемдегі күрделі үдерістер кезеңінде Мемлекет басшысы – ҚХА Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың терең мазмұнды, өмірлік маңызы жоғары, болашаққа бағдарланған сөзінің үлкен мақтанышпен, қуанышпен және толқыныспен қабылданғаны анық. Өйткені, 18 сәуірде болып өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы ХХІ сессиясының бүкіл рухы құрылған кезеңінен бері еліміздегі бейбітшілік пен келісімнің шынайы ұйытқысына айналып келе жатқан ұйым ұстанымдарымен үндеседі.
Сессия жұмысына ҚХА мүшелері, Парламент депутаттары, Үкімет мүшелері, түрлі саяси партиялардың, діни конфессиялардың, қоғамдық бірлестіктердің басшылары, жастардың, ғылыми және шығармашыл интеллигенцияның, өндіріс орындарының және ауыл шаруашылығының өкілдері қатысты.
Көктемнің осы жаймашуақ күні Бейбітшілік және келісім сарайының көк тіреген күмбезі астына барлық көпұлтты Қазақстан халқы жиналғандай болды. Олар Елбасының стратегиясы мен жасампаз қызметіне бірауыздан қолдау білдіріп, елдің жарқын болашағына сенетіндерін бүкіл жан-дүниелерімен жарқын көрсетіп берді.
Бүгін де, әрқашан да осылай бола берсін!
Қанат САУДАБАЕВ,
Нұрсұлтан Назарбаевтың Мәдениет,
білім беру және әлеуметтік бағдарламалар
қорының директоры.

Тілсіз жау бір отбасын ойрандап кетті
Төтенше жағдай • Кеше
Жалған нөмірмен жүрген көліктер анықталды
Заң • Кеше
Yenlik Colors ән жобасына қатысатын алғашқы қазақстандық әнші болды
Жасанды интеллект • Кеше
Тұлға • Кеше
Биыл Павлодарда 10 балабақша мен 13 мектеп жөндеуден өтеді
Құрылыс • Кеше
Депутат өңдеу өнеркәсібінің проблемаларымен танысты
Экономика • Кеше