Футбол • 13 Маусым, 2022

Зидан ПСЖ клубына бас бапкер болудан бас тартты

254 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Белгілі футбол бапкері Зинедин Зидан Францияның «Пари Сен-Жермен» клубына бас бапкер болудан бас тартты, деп хабарлайды Egemen.kz

Зидан ПСЖ клубына бас бапкер болудан бас тартты

Мәлім болғандай, оған клуб басшылығы тарапынан осындай ұсыныс түскен. Аталған ұсынысқа Зинедин Зидан қарсы екенін білдірді.

Биыл 50 жасқа толатын француз маманы футболшылық мансабында Францияның «Канн», «Бордо», Италияның «Ювентус», Испанияның «Реал Мадрид» клубтарында доп тепті.

2013 жылы «Реал Мадрид» командасында бас бапкердің көмекшісі болса, 2016-2018, 2019-2021 жылдарда бас бапкер қызметін атқарды. Бұл қызметінде испаниялық клубқа екі мәрте ел чемпионы атағын алып берсе, үш мәрте Чемпиондар лигасында жеңіс тұғырына көтерілді.