Тағайындау • 13 Маусым, 2022

Талғардың жаңа әкімі сайланды

780 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сайлауда 47,71 пайыз дауыс жинаған Бақыт Қуатбекұлы Күрішбеков Талғар қаласының әкімі болып сайланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Талғардың жаңа әкімі сайланды

Талғар аудандық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, бүкіл сайлаушылардың 23,77% дауыс берген. Талғар қаласы әкімінің лауазымына 4 үміткер таласты.

Бақытжан Рақымұлы Ақботаев сайлау қорытындысы бойынша 23,63% дауысқа ие болды. Нұрбек Бақытқанұлы Даулетбақовты халықтың 17,84%-ы қолдаған. Сапарбек Мұхтарұлы Назарбаев 7,70% дауыс жинады. 218 сайлаушы бәріне қарсымын десе, бүлінген және дұрыс қолданбаған бланк саны - 93 болды.

Бақыт Күрішбеков Талғар қаласында туған. 32 жаста. Мамандығы - экономист. Сайлауға дейін Amanat партиясы Талғар аудандық филиалының атқарушы хатшысы болып жұмыс істеген.