Әлем • 13 Маусым, 2022

Америкалық Rocket зымыраны апатқа ұшырады

244 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Astra Rocket зымырантасымалдағышының Канаверал мүйісіндегі ғарыш айлағында (Флорида, АҚШ) іске қосылуы сәтсіз аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Америкалық Rocket зымыраны апатқа ұшырады

Аталған зымыран SLC-46 ұшыру алаңында 2022 жылдың 12 маусымында Нұр-Сұлтан уақытымен 23 сағат 43 минутта ұшырылып, тікелей эфирде көрсетілді.

Бірақ ұшыру басталғаннан кейін 7 минут 22 секундта екінші сатыдағы қозғалтқыш жоспарланған мерзімнен 70 секунд бұрын ажыратылған. Салдарынан зымыран спутниктерді орбитаға шығара алмады.

Зымыранның екінші сатысы жоғалып, Astra ұшырылды, Rocket төтенше жағдайға ұшырады.

Аяна Тоғанбек