Оқиға • 13 Маусым, 2022

16 мың қой тиелген кеме Қызыл теңізге батып кетті

583 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Суданнан Сауд Арабиясына мыңдаған қой апара жатқан кеме Қызыл теңіздегі Суакин портында суға батып кетті, деп хабарлады Egemen.kz.

16 мың қой тиелген кеме Қызыл теңізге батып кетті

Кеме шамадан тыс ауыр салмақты көтере алмағандықтан суға батқан. Апат кезінде бортта 15800 қой болған. Ал кеменің қуаты мұндай салмаққа есептелмеген, тек 9 мың бас малды тасымалдай алады.

Оқиға жексенбі күні таңертең болған. «Бадр» кемесі айлақтың маңында бірнеше сағаттың ішінде су астына кеткен. Экипаж мүшесі кемеден шығып үлгерген.

Суға батқан малдың жалпы құны 4 миллион долларға бағаланды.

Аяна Тоғанбек