Оқиға • 13 Маусым, 2022

Павлодарда әскери қызметші қайтыс болды

780 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодарда әскери қызметші қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодарда әскери қызметші қайтыс болды

Оқыс оқиға № 5512 әскери бөлімінде болған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, шақырту сағат 19.17-де түскен. 

«2022 жылы 12 маусымда сағат 19.15-те келісімшарт бойынша әскери қызметші қаза тапқан еді. Сол күні ол болған 5512 әскери бөлімінің саябағында КамАЗ әскери жүк көлігінің дөңгелегі жарылды. Оның салдарынан қызметшіміз бас жарақатын алып, мерт болды», деп жазылған ҚР Ұлттық ұланы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының хабарламасында.

Оқиға салдарынан 1990 жылы туған жігіт жарақат алып, қайтыс болды.

Қазіргі таңда құзырлы органдар бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша қосымша ақпарат жарияланады.