Қазақстан • 13 Маусым, 2022

Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен кездесті

754 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесіп, елдің ұлттық мерекесі – Ресей күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен кездесті

Кездесуде Қазақстанның Тұңғыш Президенті мен Ресей Федерациясының Президенті екі ел арасында қарым-қатынас орнағанына 30 жыл толуына орай бір-біріне жылы лебіздерін жеткізді. Тараптар Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығы тең дәрежедегі диалог негізінде дамып келе жатқанын атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин бір-біріне мықты денсаулық және амандық тілеп, арадағы достық байланыс алдағы уақытта да Қазақстан мен Ресей халықтарының игілігі үшін жалғасын табады деген сенім білдірді.

Аяна Тоғанбек

Соңғы жаңалықтар

Бішкекте бес жүлде бұйырды

Спорт • Бүгін, 19:18