Руслан Сәкеев 1978 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
Қазақ мемлекеттік заң университетін, Қарағанды «Болашақ» өзекті білім беру институтын бітірген. Еңбек жолын Қазақ гуманитарлық заң университетінде бастаған.
2003-2005 жылдары Қарағанды облысы әкімінің аппаратында түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.
Әр жылдары жеке секторда жұмыс істеген.
2017-2019 жылдары — Маңғыстау облысы әкімінің әкім орынбасары.
2019-2021 жылдары — «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасының орынбасары.
2020-2021 жылдары — «BIRGEMIZ» ҚҚ басқарма төрағасы.
2021 жылғы қазаннан бастап қазіргі уақытқа дейін — Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.