Оқиға • 13 Маусым, 2022

Оралда жалған ақша сатқан азамат сотталды

184 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орал қалалық сотында жалған ақша сатумен айналысқан Константин Коваленкоға қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оралда жалған ақша сатқан азамат сотталды

БҚО бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінен мәлім еткендей, аталған азамат ҚР ҚК 231-бабы 2-бөлігі (жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізу) және 190-бабы 1-бөлігіне (алаяқтық) сәйкес айыпты деп танылған.

5 жылға сотталған Коваленко жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.

«К.Коваленко жалған жеті 100 АҚШ долларын сатқан. Сондай-ақ Л. деген әйелдің алтын алқасын алдау жолымен сатып алып, оған 220 мың теңге көлемінде материалдық залал келтірген», деп хабарлады ведомстводан.

Үкім заңды күшіне енді.