Экономика • 13 Маусым, 2022

Ұлттық қорды басқару саясатына өзгеріс енгізіледі

273 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров 2022 жылы Ұлттық қор трансферттеріне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық қорды басқару саясатына өзгеріс енгізіледі

«Республикалық бюджет пен Ұлттық қор қаражатын шоғырландыру мәселесі күн тәртібінде тұрмауы керек. Ұлттық қор қажатының бір бөлігін пайдалану - дұрыс қадам. Атап айтқанда, қазір осыны іске асырып жатырмыз. Ұлттық қордың идеясы болашақ ұрпақтың қоры ретінде, сондай-ақ тұрақтандыру мен дағдарысқа қарсы қызметті орындау мақсатында құрылды. Ал тұрақтандыру міндеті экономикадан шамадан тыс ақша көлемін шығаруға арналған. Себебі бұл жұмыстар атқарылмаса, онда бізде ауқымды инфляция қысымы болар еді», Ә. Қуантыров Орталық коммуникациялар қызметінде.

Осы орайда Ұлттық қор өз қызметін лайықты деңгейде орындап келе жатқанын атап өтті.

«Тиісті бастамаларды ескере отырып, биыл трансферт артты. Қаражат дағдарысқа қарсы іс-шараларға бағытталды. Сонымен қатар Үкімет бұл қаражаттың бір бөлігін таза кірістен емес, мұнайдан келетін қосымша түсімдер есебінен пайдаланбақ. Өйткені бюджетте 60-тан 90 АҚШ долларына дейін түзетілген болатын. Осы орайда жыл бойы Ұлттық қорға түсетін қосымша қаражат экономиканы қолдауға бағытталады», деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, жаһандық экономикадағы құбылмалы ахуалды ескере отырып, Ұлттық қордың дағдарысқа қарсы қызметі іске қосылады.

«Алдағы жылы Ұлттық қордан трансферттерді төмендету жоспарланған. Атап айтқанда, осы бағытта тиісті жоспар пысықталған болатын. Жалпы активтер алдағы уақытта да өсуі үшін Ұлттық қорды басқару саясатын тиісті деңгейде түзетуді ойластырып жатырмыз», деді Ә. Қуантыров.