23 Сәуір, 2014

«Темірбанктен» ұрланған 37 млн. теңгенің ізі шықты

181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Өткен жылғы 22 қазанда «Темірбанк» АҚ ғимаратынан 37 млн. 200 мың теңге ұрланған болатын. Енді, міне, арада  жарты жыл өткеннен кейін осыншалықты мол ақшаны кімдердің қолды еткені белгілі болып отыр. Жүргізілген  тергеу барысы қылмысты банктің қауіпсіздік қызметінің қыз­меткері мен оның сыбайласы жаса­ғанын анықтады. Алматы қаласы ішкі істер департаменті қылмыстық поли­ция басқармасының бастығы Жан­болат Зиядиннің айтуынша, жедел қыз­меткерлер дереу қылмыскерлердің касса ғимаратына кіру жолын анықтаған. Қылмыс жасаушылар банк ғимаратына терезе ақылы кірген екен. Бұл үшін олар терезенің торын алдын ала кесіп, дайындап алыпты. Кейіннен жедел қызметкерлер 1977 жылы туған банк қауіпсіздік қызметінің қызметкері мен оның 32 жастағы сыбайласын тап бастырмай тапты. Олардың екеуі де Жамбыл облысы Шу ауданының тумалары болып шықты. «Негізгі күдіктіні біз Шымкент қаласында қолға түсірдік. Ол ұрланған ақшаның бір бөлігін жұмсап үлгеріпті. Қалған бөлігі тәркіленіп, қылмыстық іс материалына қоса тіркелді. Күдіктілер айыптарын мойындады. Оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды», – дегенді айтты Ж.Зиядин соңында. Құрыш НҰРЫМБЕТ.