Ауыр атлетика • 13 Маусым, 2022

Әлем чемпионаты: Ауыр атлетикадан Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсті

703 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мексиканың Леон қаласында ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына екінші медаль түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлем чемпионаты: Ауыр атлетикадан Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсті

Қазақстан ауыр атлетикасы федерациясының мәліметінше, Ерасыл Омаров 55 келіге дейінгі салмақта үшінші орынға ие болды.

Ерасыл қоссайыс қорытындысында 224 килограмм (100+124) жинады. Бұл салмақта үндістандық Гурунаиду Санапатхи (104+126) әлем чемпионы атанса, Сауд Арабиясының өкілі Калитит Али Маджит (105+124) күміс медальді олжалады.

Еске сала кетейік, бұған дейін ауыр атлетикадан әлем чемпионатында қазақстандық Александра Беленко үздік үштікке ілінген еді.