Білім • 14 Маусым, 2022

Дебат турнирлерінің жеңімпаздарына грант береді

505 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Дебат турнирлерінің жеңімпаздары қомақты ақшалай сыйлықтар мен білім гранттарын алады. Биыл Қазақстанның 6 жоғары оқу орны пікірталас жүлдегері атанған 12 мектеп түлегіне білім грантын берді.

Дебат турнирлерінің жеңімпаздарына грант береді

Грант берген жоғары оқу орын­­дары арасында Қорқыт ата атындағы Қызылорда универ­ситеті, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, Х.Дос­мұхамедов атындағы Атырау уни­верситеті, Тұран университеті, Satbayev University және Нархоз уни­верситеті бар. Сондай-ақ жас­тар сайыстарға қатысқаны үшін грамоталармен, кубоктармен және 200 мыңнан 500 мың теңгеге дейін ақшалай сыйлықтармен марапатталады. Білім және ғылым минис­трлі­гінінің мәлімдеуінше, бүгінгі таңда елімізде 120 944 оқушы мен сту­дентті қамтитын 6 778 де­бат клубы бар.

Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орта­лы­ғының директоры Раиса Шер елімізде жастардың дебат қоз­ғалысы белсенді түрде дамып келе жатқанын жеткізді.

«Екі жыл бұрын 4 405 мектеп пен студенттік клубта 66 186 пікір­сайысшы болса, бүгінде олар­дың саны 120 мыңнан асты. Клуб мүшелері сындарлы талқылау өне­рін үйренеді, басқа дебатшылар­мен достық және сыйластық қарым-қатынас орнатады. Сонымен қатар олар ой-өрісін кеңейтіп, шығар­машылық белсенділігін арттырады. Биыл Балалар жылы аясында бес дебат турнирі ұйымдастырылмақ. Қазіргі таңда оның екеуі өткізілді. Оған 500-ге жуық оқушы мен студент қатысып, кәмелетке тол­ма­ғандарды оқыту, тәрбиелеу және олардың құқықтарын қор­ғау­дың маңызды мәселелерін кө­тер­ген болатын», деп хабарлай­ды.

Аталған министрліктің дере­гіне сүйенсек, оқушыларды дебат өне­ріне баулитын тәжірибелі пікір­сайысшылар пулы құрыл­ған. Пул 100-ден аса маманнан тұрады. Ал кол­ледждер мен мек­тептерде, педа­гогикалық жоғары оқу орындарында дебат клуб­тарына көмектесу үшін студент десантшылар, еріктілер тобы жұмыс істеп жатыр. Олар мектеп­терде тренингтер мен шебер­лік сабақтарын өткізіп, турнир­лерді ұйымдастыру кезінде волонтерлік көмек көрсетпек.

 

Аружан НАҒАШЫБАЙ,

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің студенті