Қазақстан ауыр атлетика федерациясынан мәлім еткендей, Ерасыл 67 келіге дейінгі салмақта үздік шықты. Қазақстандық спортшы қоссайыс қорытындысында 281 келіні (123+158) бағындырды.
Түркиялық Алааддин Саин 278 келімен (121+157) екінші, поляк Бартош Бурски 269 келімен (116+153) үшінші орынға көтерілді.
Тағы бір қазақстандық Дарья Балабаюк 49 келіге дейінгі салмақта жұлқа көтеруден қола медальға қол жеткізді. Дегенмен ол қоссайыс қорытындысында 152 келімен (69+83) төртінші орынға табан тіреді.