Әлем • 14 Маусым, 2022

Эквадорда үкіметке қарсы шеру өтті

179 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Эквадорда үкіметтің Халықаралық валюта қорына (ХВҚ) қатысты саясатына қарсы наразылық акциясы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Эквадорда үкіметке қарсы шеру өтті

Эквадор ақпарат құралдарының хабарлауынша, ел президенті Гильермо Лассоның шешімдеріне наразылық білдірген шерушілер таңертең Чимборазо, Котопакси, Пастаса, Напо және Тункурагуа провинцияларында жолдарды жауып тастаған. 

Эквадордың байырғы халықтары конфедерациясының (CONAIE) басшысы Леонидас Иза үкімет талаптарды орындаудан бас тартқан жағдайда елдегі ең ірі үнді ұйымы жалпы ереуіл жариялауға дайын екенін мәлімдеді. 

Оның айтуынша, үкіметке он талап жолданған. 

«Үкімет ХВҚ-ның емес, халықтың талабын орындауы керек. Халық биліктің өз ұстанымын таңу әрекетін қабылдамайды», деді ол. 

Шерушілер ел астанасы Китоға апаратын жолдарды уақытша жауып тастады. Наразылық акцияларына 53-тен астам ҮЕҰ қатысты. 

Эквадорда үкіметке қарсы акциялар өткен жылдың соңында басталған еді. 

Еске салсақ, былтырғы 27-28 қазанда үкімет пен президент резиденциясы – Каронделе сарайына жүздеген демонстранттар жиналған болатын. Тәртіпсіздіктер кезінде сегіз полицей жараланды, 37 адам ұсталды.