Қазақстан • 14 Маусым, 2022

Қазақстандықтар Мальдивке визасыз бара алады

469 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан азаматтары енді Мальдив Республикасына визасыз бара алады, деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл туралы Үкімет қаулысы шықты.

Қазақстандықтар Мальдивке визасыз бара алады

«Жарамды жол жүру құжаттары бар Қазақстан азаматынан Мальдив Республикасына 30 күннен аспайтын уақытқа бір немесе бірнеше рет барғанда, транзитпен өткенде және уақытша болған кезде олардан визалық талаптар сұралмайды» делінген қаулыда.

Сондай-ақ 30 күн ішінде аталған елден кету мүмкіндігі болмаған азаматтар Мальдив Республикасының құзыретті органдарынан мерзімді ұзарту туралы рұқсат алуы тиіс.

Ал Мальдив Республикасына қызмет бабымен баратын азаматтардан виза талап етіледі.

Аяна Тоғанбек

Соңғы жаңалықтар