ANTIKOR • 14 Маусым, 2022

Алматы қаласының Қоғамдық кеңесі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комитетін құрады

427 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Antikor ortalyǵy» алаңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің көшпелі отырысы өтті, деп жазады Egemen.kz.

Алматы қаласының Қоғамдық кеңесі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комитетін құрады

Кездесу барысында Қоғамдық кеңес мүшелері мен қоғам қайраткерлеріне ведомствоның қазіргі жұмысы және ҚР 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының іске асырылуы туралы хабардар етілді.

Отырыста Қоғамдық кеңестің жанынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл мәселелерімен айналысатын жеке комитет құру туралы шешім қабылданды.

Кездесу қатысушыларын қарсы ала отырып, Департамент басшысы Асхат Оразхан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен азаматтық сектордың сындарлы өзара іс-қимылының маңыздылығын атап өтті.

«Біздің бірлескен ынтымақтастығымыз сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтардың санын азайтуға көмектеседі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда оң нәтиже береді деп үміттенеміз. Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор кәсіпорындарының сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайтын заңсыз іс - әрекеттерін анықтау мақсатында нақты жұмыс құрып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізуде, мемлекеттік сатып алуға мониторинг жүргізуде, қоғамдық бақылауды ұйымдастыру мен өткізуде бірлескен күш салу қажет», деді  Асхат Оразхан.

«Қоғамдық кеңестің қоғамдық бақылау саласындағы міндеттерінің бірі - халықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл процесіне тарту. Қоғамдық кеңес жанындағы осы комитеттің құрамына белсенді азаматтық ұстанымы бар адамдардың кіруі өте маңызды. Қойылған мақсаттар үшін барлық сараптамалық әлеуетті тарту қажет», деді Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің Төрағасы Алтынай Көбеева.

Іс-шара соңында қатысушылар комитеттің құрамы мен алдағы іс-шаралар жоспарын талқылады.