Оқиға • 14 Маусым, 2022

Ақтауда баласын өлтіріп алған ана 8 жылға сотталды

316 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтау қалалық соты қызын ұрып-соғып, абайсызда өлтіріп алған әйелге қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтауда баласын өлтіріп алған ана 8 жылға сотталды

Ақтау қалалық соты 2022 жылғы 10 маусымдағы үкімімен абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірді деп айыпталған сотталушы анаға қатысты қылмыстық істі қарады (ҚК 106-бабы 3-бөлімі).

2022 жылдың 4 қаңтарында кішкентай қызын ұрып, оны бар күшімен итеріп жіберген кезде балада гематома пайда болды. 8 қаңтар күні шамамен түнгі сағат 2-де ашуға әбден булыққан әйел бүлдіршін қызының іш қуысынан жұдырығымен қайта соққы жасады. Одан кейін баланы жалғыз қалдырып, кетіп қалған. Кішкентай баланың мәйітіне жүргізілген сот-медициналық сараптамасының қорытындысына сәйкес, өлім іш қуысының жарақаты салдарынан болған.

Сот үкімі бойынша ол ҚК 106-бабының 3-бөлімінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 8 жыл жылға сотталды.

Аяна Тоғанбек