Әлем • 14 Маусым, 2022

Ауғанстанда жер сілкінді

466 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 14 маусым Алматы уақытымен 13 сағат 35 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ауғанстанда жер сілкінді

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 810 шақырым жерде Ауғанстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11.2. MPV магнитудасы 5,9. Тереңдігі - 200 км.

Жер сілкінісінің сезілуі бойынша (MSK-64 шкаласы бойынша) ақпарат тіркелмеген.