Қазақстан • 14 Маусым, 2022

Динамика, шынайылық және жеделдік

246 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін

Қазақстандық белгілі саяси сарапшылар республикалық референдумның қорытындысы, Amanat партиясындағы өзгерістер, сондай-ақ елдегі саяси кадрлық өзгерістерге қатысты ой-пікірлерін ашық медиа алаңда білдіріп жүр. Саяси-қоғамдық қатынастарды дамытудың жаңа бағытын сарапқа салған сарапшылар Жаңа Қазақстанды құру кезіндегі қоғамдық келісім мен саяси өзгерістердің тиімді форматын қалыптастыру жөніндегі көзқарастарын да ашық айтады.

Динамика, шынайылық және жеделдік

Мәселен, «Еуразия әлемі» қоғамдық қорының президенті Эдуард Полетаев Amanat жаңа­ша ойлаудың үлгісін көр­сетті де­ген пікір білдірді. Атап айт­сақ, партияның референдум бо­йын­ша жұмысы сая­си бірлес­тікті жұмылдырып, бір­лігі мен берік­тігі сынал­ғанын алға тартады.

«Партия тәуекелден тайсалмай, саяси қызметі шеңберінде ел азаматтарымен тығыз серік­тес­тік қарым-қатынас ор­на­туға ұмтылды. Осы тұрғы­дан рефе­рендум партия үшін ма­ңыз­­ды кейс болды. Amanat ре­фе­рендумға дейін және одан кейінгі кезеңде шы­на­йы­лық пен ашықтықты ұстан­ды. Үгіт-насихат барысында ескі құралдардан бас тартып, жұмысқа жаңаша тың көз­­қарас әкелді. Жиындарда пар­тия басшылығы ашық сая­сат бағы­тын ұстанды, бұл ха­лықпен ты­ғыз байланыс ор­натуға өз көме­гін тигізді. Қазақ­станның кез келген азаматы өз идеяларын ұсынған бола­тын, аталған бастама­лар жазылып, бір жерге жи­нақ­талды. Біз көптеген істің сапалы атқарылғанын мо­йын­дауымыз керек. Қалай бол­ғанда да, әлеуметтік желі қол­­данушыларының дәстүрлі пес­симистік пікірлерінің арасын­да да партия жұмысына қатысты сын байқалмайды», деп атап өтті Эдуард Полетаев.

Бұл пікірмен «Кто есть кто в Казахстане?» ақпараттық-баспа жобасының авторы Да­нияр Әшімбаев та келіседі. Ол референдум аясындағы тү­сін­діру жұмыстарына барлық пар­тия қатысқанын, алайда негізгі салмақ аманаттықтарға түскенін айтады.

«Референдум аясында Ama­nat партиясы Ата Заңға ен­гі­зіл­ген өзгерістерді көрсетіп қана қоймай, депутаттардың, өз жұмысының қорытынды­сын ұсынып, ауқымды жұмыс атқарды. Науқан барысына «Әлеумет» аналитикалық жобасы, Talqylau сараптамалық пікірталас алаңы іске қосылды. Қоғамдық қабылдаулар желісі жандандырылды, оның ішін­де халықпен жұмыс істеу және түзетулерді түсіндіруге заң­герлер тартылды. Партия қо­йыл­­ған міндетті орындап, ал­да­ғы парламенттік сайлауға да­йын екенін көрсетті», деп есептейді Данияр Әшімбаев.

«Альтернатива» зерттеу орталығының директоры Анд­рей Чеботаревтің айтуын­ша, партия Парламенттің тө­менгі палатасы мен барлық дең­гейдегі мәслихаттарда көп­шілік дауысқа ие бол­ған­дықтан, Amanat-қа кадр саясатының да, атқарушы органдар жұмысының да сапасы үшін үлкен жауапкершілік жүк­теледі. Ол референдумға да­йын­дық барысында партия­ның заман ағымына ілесе отырып, халықпен байланыс стилі мен әдіс-тәсілін өзгерткенін атап өтті.

«Парламент Мәжілісіндегі Amanat партиясының депу­тат­тық фракциясы «кадр­лар ұстаханасына» айнал­ған­­дай. Кеше екі мәжілісмен Сая­сат Нұрбек пен Берік Әб­ді­ғали­­ұлы, бірі – Ғылым және жо­ғары білім министрі, екін­шісі Ұлытау облысының әкі­мі болып таға­йын­далды. Осы­лайша, ел бас­шы­лы­ғының сая­си жүйені ре­фор­­малаудағы қыз­меті мен пар­тиялық ор­та­да азамат­тық бел­сенділікті арттыру, бір-бірі­не өзара ықпал ете отырып, қатар жүзеге асырылуда. Осы­ның барлығы салыстырмалы түрде жақсы нәтиже береді деп се­нейік», деп атап өтті саясаттанушы өзінің Facebook парақшасында.

Орталық директорының сөзімен белгілі саяси шолушы Никита Шаталов та келіседі. Оның айтуынша, Аmanat үшін референдум үлкен сынақ болды. Орталық аппарат қайта жаң­ғырып, партияның әкім­шілік ресурсы «кеткеннен» кейін, реформалар мен транзит аяқ­талғаннан соң оның қан­ша­лықты функционалды инс­ти­тут екенін көрсету қажет болды.

«Партия жаңа жағдайға да тез бейімделді. Аймақтық үгіт-насихат жұмыстарына баса назар аударудың нәтижесінде сайлаушылар жоғары белсен­ділік танытты. Дәстүрлі түрде өтіп келген үгіт-насихат жұ­мыс­тарынан бас тартуға ше­шім қабылданған соң негізгі жүк халықпен тікелей кездесіп, оларға не үшін (немесе не үшін қарсы) дауыс беру керек екенін түсіндірген штаб мү­ше­леріне жүктелді. Менің ойым­ша, мұндай тікелей кездесу­лер әлеуметтік желідегі нау­қанға қарағанда дұрыс жо­л­ға қойылды. Өйткені Конс­титу­циялық реформаның мазмұнын соңына дейін қаралмайтын 5-10 минуттық ролик арқылы жеткізу мүмкін емес», деп жазды ол өзінің «Шаталканал» арнасында.

Белгілі сарапшы Марат Шибұтов үгіт-наси­хат жұ­мыс­тарында «мәжбүр­леу­дің» жоқ­тығын атап өтті: «Аза­мат­­тармен кездесулерге ерекше мән беріліп, оны Amanat пар­тиясының өкілдері өткізді. Бұл – референдумға үгіт-насихат қана емес, сонымен бірге сайлау­шылармен жүргізілген жұмыс. Олар референдумды ғана емес, сондай-ақ халықтың жағдайын, қала­сын­да және жұмысында, жалпы тұрмысында не болып жат­қанын талқылайды. Менің тәжі­ри­бем­де, азаматтарға билік өкіл­д­ерімен қарапайым ашық әңгіме жетіспейді және он­дай мүмкіндік берілген кезде жұрт­шылық соны пайдаланып қалады. Әсіресе елді мекен­дерде осындай кездесулерге мұқтаж көп».

Белгілі блогер Ғалым Бай­тоқ аманаттықтардың барлық кездесуі қарапайым халықтың мемлекетті басқаруға қатысуын кеңейту аясында өткенін атап өтті. Басқа партиялардың әдет­тегі кездесулері мен жина­лыс­­тарына қарағанда, аманат­тықтардың үй ауласында ха­лық­пен өткізген кездесулері жаңашылдық болды.

«Партияның күнделікті қыз­меті бір сәтке де тоқтаған жоқ. Атап айтқанда, сайлауалды бағдарлама, мобильді қо­ғам­­дық қабылдаулар шал­ғай ауыл­дарды аралап, ауыл тұр­­ғын­дарының табысын арт­тыру­ға арналған «Ауыл ама­наты» жобалық кеңсе­сі іске қо­сылды және тағы сол сияқ­ты біраз жұ­мыс атқа­рыл­ды. Жал­пы, пар­тияның белсен­ді­лікті арт­­тыруы түсінікті – осындай сәт­ті пайдаланып саяси ұпай жи­нау керек. Қысқасы, транс­фор­ма­ция қызу жүріп жатыр», деді ол.

Еуропалық құқық және адам құқықтары сараптамалық инс­ти­тутының директоры Марат Бәшімов партияның мобиль­ді қоғамдық қабыл­дау­лары ая­сын­да жүргізген Конс­титу­ция­ға түзетулер бойынша түсін­діру жұмысын оң бағалады. Ал Қа­зақ­стандық қоғамдық даму инс­ти­тутының басшысы Қаз­бек Майгелдинов партия Рес­пуб­ликалық штаб жұмысын ұйым­дастыру бойынша ерекше белсенділік танытты деп есептейді.

«Бір жағынан, бұл – трансформация кезеңінде партия үшін ерекше сынақ, екінші жағынан, сайлау процесіне дайындығын көрсету үшін жақ­сы емтихан болды. 218 пар­тиялық штаб барлық облыс­ты, республикалық маңызы бар қалалар мен аудандарды аралады», деді Қ.Майгелдинов.

Саяси шолушы, Сенат жанындағы Жас сарапшылар клубының негізін қалау­шы­лардың бірі Жанна Тулин­динова Amanat үгіт-насихат жұмысының жүйелілігіне және әрбір елді мекенді қамтуға тырысқан барлық деңгейдегі депутаттық корпустың нақты үйлестірілуіне назар аударды.

«Мен партияның бірнеше іс-шарасына қатыстым. Солар­дың бірі – Talqylau диалог алаңы. Осы алаң арқылы Amanat партиясы ашық пікір­таластың жаңа форматын ұсынды. Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына арналып ұйымдастырылған ауқымды Open Air таңғал­дырды. Референдум қарсаңын­да өткізілген бұл іс-шара күш-жігер беріп, жігерлендірді. Жалпы, Amanat рембрендингпен бірге «жасарып», жұмыс стилін жаңартқанын атап өткім келеді. Динамика, шынайылық және жеделдік пайда болды», деп атап өтті сарапшы.

Қазақстандық қоғамдық даму институтының сарапшысы Жұлдызай Ысқақова­ның пікірінше, Amanat пар­тия­сының референдумды қол­дау жөніндегі үгіт науқа­ны өзгерістердің индика­тор­лары­ның біріне айналды.

«Өңірлердегі кездесулерге көп нәрсе байланысты. Адамдарды жаңа реформаларға сенуге және «иә» деп дауыс беруге сендіру керек болды. Мұнда бұрынғы әкімшілік және формальды әдістер іске аспайтын еді. Аманаттықтар жақсы жұмыс атқарды. Кеше штабтар жұмысының қоры­тындысы шығарылып, партия мүшелеріне алғыс айтылды. Екі күн бұрын Президент Қ.Тоқаев қазақстандықтарға арналған үндеуінде партияларға ай­рық­ша назар аудармай-ақ, бірақ мүлдем назардан тыс қал­дырмай: «Конституцияға енгі­зі­летін өзгерістерді түсін­діруге қатысқан азаматтар мен көптеген қоғамдық ұйымдарға алғысымды білдіргім келеді», деді. Жалпы, партияның реб­рендингі бойынша жақсы жұ­мыс жүргізілді. Партия­ның ор­талық аппараты деңгейін­де бұрынғы Nur Otan-нан қал­ғаны көп емес», деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Еске сала кетейік, жалпы рес­публикалық референ­дум­ның қорытындысы бойын­ша қа­зақ­стандықтардың 77,18%-ы Конституцияға өзгеріс­тер мен толықтырулар енгізу­ді қолдады. Президент белгілеген қоғам­дық-саяси реформалар бағыты қазақстандықтардың шынайы қызығушылығын тудырды. Ең бас­­тысы, халық жалпыұлттық ре­ферендум, конституциялық ре­формалар Жаңа Қазақстанның негізгі құндылықтары – ашық­тық пен демократияға табан тірейтініне сенім артып отыр.

Ал Amanat партиясы осы саяси науқанда бүкіл ел аума­ғында конституциялық түзету­лерді түсіндіру жұмыс­тарына белсенді қатысып, Мемлекет басшысының қоғамдық тірегі ретінде әрбір азаматтың Екінші Республиканы құруға атсалысуына мүмкіндік бергені анық.