Аймақтар • 15 Маусым, 2022

Үстел теннисінің үздіктері

179 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Павлодарда журналистердің басын қосып, бабын байқайтын жалғыз турнир бар. Жыл сайын үстел теннисіне икемді жергілікті тілшілер өңір журналистикасына сүбелі үлес қосқан Сәлімбай Ермұратовты еске алуға арналған жарысқа жан-жақтан жиылады. Биыл қатарынан 10-шы мәрте ұйымдастырылған бәсекеге ракеткамыздың шаңын сүртіп біз де қатыстық.

Үстел теннисінің үздіктері

Иә, дәстүрлі турнир пан­демия кезінде де үзіл­ген жоқ. Былтыр барлық сани­тар­лық талап сақталып, со­ның өзінде үреймен өт­кі­зілгені есімізде. Биыл ұйым­дастырушылар да, қаты­сушылар да өзін еркін сезініп, бетпердесіз JENIMPAZ үс­тел теннисі орталығын бет­­ке алды. Жаңадан ашыл­ған орталықта журналис­тер алғаш рет бас қосып отыр. Бұған дейін жергілікті бір колледждің спортзалында тартысқа тү­се­тін. Жа­қында ғана бұл ор­талықта рес­публикалық тур­нир өткі­зіл­ген еді. Аурасы кете қой­мапты. Салтанаты ке­ліс­­кен зәулім ғимаратта тіл­ші­лердің әрқайсысы өзін үздік сезініп, барын салды. Жа­рыста жергілікті және рес­публикалық бұқаралық ақпарат құралдарының өкіл­дері төбе көрсетті.

Турнирдің бас демеушісі – «Ертіс Медиа» ЖШС ди­рек­торының орынбаса­ры Жұ­мабек Сманов өз сөзінде Сәлімбай Ер­мұратов ұзақ уақыт об­лыстық радиода (қазіргі Ха­лық радиосы) еңбек етіп, жастарға үлгі-өнеге көрсет­кенін атап өтті. Әу баста ұйым­­­дастырушылардың қа­та­рынан табылып, жыл сайын жарыстың жоғары дең­гейде өтуіне атсалысып жүр­ген Ха­­лық радиосының жаңа­лық­­тар редакторы Махаббат Камес­ханұлына алғысын жаудырды.

Турнирдің қорытындысы бойынша қыздар арасында бірде-бір ойында сүрінбеген Халық радиосының қызмет­кері Айдана Дүйсен жеңімпаз атанды. Екінші орынды «Звез­да Прииртышья» газе­тінің жауапты хатшысы На­дежда Яницкая иеленсе, үздік үш­тікті «Сарыарқа самалы» га­зетінің журналисі Гүлжайна Түгелбай түйіндеді.

Ал ерлер арасында рес­публикалық Atameken Busi­ness телеарнасының мен­шікті тілшісі Есенбек Санатұлы чемпион атанды. Әу баста фавориттердің бірі саналған ол осымен оныншы рет ұйым­дастырылған турнирде 7-ші рет жеңімпаз атанып отыр. Үшеуінде күміспен күп­­тел­ген. Осы уақытқа дейін әр­­дайым турнирдің фи­на­­лынан табылып келген Есен­бек енді жарысқа қатыс­пай, жастарға жол бере­тінін жет­кізді. Биылғы турнирдің күміс жүлдесі «Най­затас» жур­налының бас редакторы Асыл Әбішевке бұйырды. Үшінші орынды Ertis телеарнасы жаңалық­тарының режиссері Әділхан Мүталяпов еншіледі. «Ертіс Медиа» ЖШС басшылығы жүлде­гер­лерге диплом мен қар­жылай сыйлық тағайындаса, бар­лық қатысушыға алғысхат пен тауарлы сертификат үлестірді.

Қатысушылар ұйымдасты­рушыларға алғысын білдіріп, журналистер арасында волейбол, футбол турнирін қайта жандандыруға ниет танытты.

 

ПАВЛОДАР