Білім • 15 Маусым, 2022

1 қыркүйектен бастап студенттердің шәкіртақысы өседі

2461 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ҚР БҒМ Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларына және мөлшерлеріне өзгерістер мен толықтырулар дайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.

1 қыркүйектен бастап студенттердің шәкіртақысы өседі

Осылайша, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушыларға ай сайынғы мемлекеттік стипендияның мөлшерін мынадай мөлшерде белгілеу жоспарлануда:

  • Даярлаудың педагогикалық бағыттарында және даярлаудың «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша оқитын студенттерді қоспағанда, жоғары білім беру ұйымдарында оқитын студенттерге - 36 660 теңге (қазіргі уақытта – 31 423 теңге);
  • Педагогикалық бағыттар бойынша оқитын студенттерге - 58 800 теңге (қазір 50 400 теңге);
  • «Денсаулық сақтау» дайындық бағыты бойынша оқитын студенттерге - 58 800 теңге (қазір 50 400 теңге);
  • Интерндерге - 61 660 теңге (қазір 59 289 теңге);
  • Магистранттарға - 86 987 теңге (76 950 теңге);
  • «Назарбаев университетінде» оқитын магистранттарға – 162 500 теңге (143 750 теңге);
  • Докторанттарға - 195 000 теңге (172 500 теңге);
  • «Денсаулық сақтау» дайындық бағыты бойынша докторанттарға - 195 000 теңге – 172 500 теңге);
  • «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша резидент дәрігерлер мен магистранттарға – 100 036 теңге (88 494 теңге);
  • ҚР Жоғарғы Соты Жанындағы Сот төрелігі академиясының мемлекеттік органдардан оқуға жіберілген магистранттарына - соңғы жұмыс орны бойынша лауазымдық жалақы деңгейінде, бірақ мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын магистранттар үшін белгіленген мемлекеттік стипендия мөлшерінен төмен емес;
  • Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жұмысшы біліктіліктері бойынша оқитын студенттерге – 21 787 теңге (өзгеріссіз).

Атап өтілгендей, стипендиялардың жаңа мөлшері 2022 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.

Бұдан басқа, мемлекеттік стипендияларды төлеудің жаңа тәртібі әзірленді. Ашықтықты қамтамасыз ету үшін стипендия кассасы арқылы төленбейді. Олар банкте немесе «Қазпочта»  АҚ-да шот ашқаннан кейін жүзеге асырылады.

Бұл ретте студенттер банктер мен «Қазпочта» АҚ тиісті келісімдер жасасқаннан кейін шот бойынша операциялар үшін комиссия төлемейді.

Құжат 29 маусымға дейін Ашық НҚА сайтында орналастырылған.