Әлем • 15 Маусым, 2022

Конгоның шығысында 25 мың адам үйлерін тастап кетті

351 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Соңғы 3 күнде Конго Демократиялық Республикасының (КДР) шығысындағы қақтығыстар кесірінен 25 000 адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Конгоның шығысында 25 мың адам үйлерін тастап кетті

Ұлттық ақпарат құралдарының хабарлауынша, елдің шығысында армия мен «23 наурыз қозғалысы» (M23) деп аталатын бүлікші топ арасындағы қақтығыстар ушығып тұр. 

Жексенбі күні таңертең Бунгана қаласында қауіпсіздік күштері мен M23 мүшелері арасындағы қақтығыс салдарынан аймақтағы мыңдаған адам азық-түлік көмегіне мұқтаж. 

Осылайша апта бойы жалғасып келе жатқан қиян-кескі қақтығыстар нәтижесінде үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған адам саны 100 мыңнан асты.