Елорда • 15 Маусым, 2022

Елордадағы гүлзарға Ұлыбритания патшайымының есімі берілмек

380 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласындағы гүлзарлардың біріне Ұлыбритания патшайымы II Елизаветаның есімін беру ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордадағы гүлзарға Ұлыбритания патшайымының есімі берілмек

«Қабанбай батыр даңғылындағы «Салтанат сарайы» кешені мен «The St. Regis Astana» қонақ үйі арасындағы атауы жоқ гүлзарға Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің патшайымы II Елизаветаның есімін беру ұсынылды. Бұл ұсыныс екіжақты дипломатиялық байланыстарды нығайтуды көздейді», деді Нұр-сұлтан қаласының тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп мәслихат отырысында.

Сондай-ақ Сыртқы істер министрлігі ғимаратының алдында орналасқан атауы жоқ аллеяға мемлекет және қоғам қайраткері, публицист, дипломат Нәзір Төреқұловтың есімін беру ұсынылды.

Аяна Тоғанбек

Соңғы жаңалықтар

«Жасыл» энергия – жаһан үдерісі

Энергетика • Бүгін, 09:00

Ұлыс пен ырыстың негізі

Наурызнама • Бүгін, 08:50

Қарлығаш – құт-береке рәмізі

Наурызнама • Бүгін, 08:45

Кемел әулетінің кемеңгері

Қоғам • Бүгін, 08:40

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:35

Ақтүтек боран әбігерге салды

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Заманауи медициналық нысандар

Аймақтар • Бүгін, 08:25

«Amanat» партиясының үндеуі

Партия • Бүгін, 08:22

Брайль қарпіндегі Ата заң

Ата заң • Бүгін, 08:20