24 Сәуір, 2014

Қор басшысына нақты тапсырмалар

266 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқармасының төрағасы Өмірзақ Шөкеевті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында қордың қазіргі қызметінің мәселелері, алдағы кезеңге арналған міндеттер, сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру барысы талқыланды. Қазақстан Президенті «Самұ­рық-Қазына» АҚ трансформациялау бағдарламасын әзірлеуді қыркүйекке дейін аяқтауды, оны қордың барлық корпоративтік органдарында талқылауды және Үкімет қарауына енгізуді тапсырды. Сондай-ақ, Нұрсұлтан На­зар­баев алдағы кезде қор бірқатар ор­та және шағын компанияларын сатуды барынша ашық және әділ нарықтық баға бойынша жүргізуі тиіс екендігін атап өтті. Ө.Шөкеев қорды транс­фор­ма­ция­лаудың корпоративтік орта­лықтар мен қордың еншілес ком­панияларының бизнесін басқару сая­сатын да өзгертуді қамтитын бағ­дар­ламасын әзірлеу барысы туралы баяндады. Бұған қоса, «Самұрық-Қазы­на» АҚ басқарма төрағасы жекеше­лен­дірудің жаңа кезеңіне дайындық аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты. Атап айтқанда, ол қор құрамынан 200-ден аса компанияны шығару, сондай-ақ, «КЕГОК» компаниясының өз ак­ция­сынан 10%-ын орналасты­ратын «Халықтық IPO» бағдарламасына қатысу жөніндегі жоспарлардан хабардар етті. Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Соңғы жаңалықтар