Президент • 15 Маусым, 2022

Қаңтар оқиғасының мән-жайын қысқа уақытта анықтау қиын - Президент

621 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік журналист Андрей Кондрашовқа берген сұхбатында қаңтар оқиғасы туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қаңтар оқиғасының мән-жайын қысқа уақытта анықтау қиын - Президент

«Алматыда мемлекеттік төңкеріске, Мемлекет басшысын лауазымынан ығыстыруға талпыныс болды. Олар адамдарды әкімшілік ғимараттарға бастап барды. Осы оқиға кезінде 3 мыңнан астам қару ұрланды. Олардың басым бөлігі әлі күнге дейін қолда жүр. Тергеу жұмыстары оңай болып жатқан жоқ. Себебі осы оқиғаның ұйымдастырушылары мен үйлестірушілері  кәсіби дайындалған адамдар», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Дегенмен, Мемлекет басшысының атап өтуінше, ведомствоаралық арнайы топ мемлекеттік төңкеріс жасауға бағытталған осынау талпыныстың барлық мән-жайын ашу үшін табанды түрде жұмыс істеп жатыр.

«Алматыға өте қатыгездікпен шабуыл жасалды. Адамдар өте қатты зорлық-зомбылыққа ұшырады. Үлкен базарлардан келген мародерлер өте көп болды. Алматы әкімдігі мен Президент резиденциясының өртенгенін айтып та отырғаным жоқ. Алматыда орын алған оқиғаны жеңілдетуге болмайды», деді ҚР Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев трагедия ауқымының үлкендігін және қысқа мерзімде барлық мән-жайды ашу қиындығын айтты.