Өнер • 15 Маусым, 2022

«Ортеке» адамзаттың мұрасына айналады

738 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халық биі «Ортеке» ЮНЕСКО-ның адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енгізілмек.

«Ортеке» адамзаттың мұрасына айналады

Қазіргі таңда Мәдениет және спорт министрлігі Қазақ­станның ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөнін­дегі Ұлттық комиссиясы жанындағы Материалдық емес мәдени мұралар жөнін­дегі ұлттық комитет сарап­шыларының қатысуымен ЮНЕСКО-ның адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне қазақтың халық биі «Ортекені» енгізу бойынша жұмыстарды жүргізуде.

Айта кетейік, «Ортеке» халық биінің қуыршақ теке, бишілер тобы, жеке биші орындайтын үш түрі бар. Көпшілікке ұсынылған бейнероликте қуыршақ теке нұсқасы беріліп отыр. Ал биді орындаушы – Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Еркеғали Рахмадиев атындағы Мем­лекеттік академиялық филар­мониясының «Қорқыт» этно­ансамблі мен SHOLPAN KORGANBEK өнер студия­сының жас музыканттары (көр­кемдік жетекшісі Шол­пан Қорғанбек).