Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 маусым күні «102» нөміріне Е-753 көшесіндегі үйдің ауласында мәйіт табылғаны туралы ақпарат түскен.
«Полиция қызметкерлері әйелдің жеке басын анықтады. Ол елорданың 31 жастағы тұрғыны болып шықты», делінген хабарламада.
Осыған қатысты қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.