Әлем • 16 Маусым, 2022

Дүниежүзілік банк Мадагаскарға 220 миллион доллар бөледі

279 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дүниежүзілік банк бұл қаржыны Мадагаскардағы ауыз су мәселесін жеңілдету үшін бөлген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дүниежүзілік банк Мадагаскарға 220 миллион доллар бөледі

Дүниежүзілік банктің Мадагаскардағы өкілі мен президент Эндри Раджуелина президенттік сарайда өткен салтанатты рәсімде арнайы жобаны қаржыландыруға 220 миллион доллар бөлу туралы келісімге қол қойды.

Жобаның мақсаты - ел астанасы Антананаривудағы ауыз су көлемін 20 пайызға арттыру және қаланың инфрақұрылымын тропикалық жаңбырға төзімді ету. 

Айта кетсек, Мадагаскар халқының тек 12,3 пайызы ғана сумен қамтылған.