Қаржы • 16 Маусым, 2022

Бюджет тапшылығы кезең-кезеңімен азаяды – Қаржы министрі

601 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мемлекет борышын басқару мәселесіне түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бюджет тапшылығы кезең-кезеңімен азаяды – Қаржы министрі

«Мемлекет борышының өсуі республикалық бюджет тапшылығын жабу қажеттілігімен және маңызды әлеуметтік жобаларды қаржыландыру мақсатында қарыз алумен байланысты. Дегенмен, бүгінгі таңда мемлекет борышы қауіпсіз деңгейде сақталып, жалпы ішкі өнімге шаққанда 27,4%-ды құрайды», деді Ерұлан Жамаубаев.

Қаржы министрінің айтуынша қарызды басқару мәселесіне қатысты тиімді шаралар қарастырылады.

«Біріншіден, бюджет тапшылығы кезең-кезеңімен азаяды, бұл борыштың өсу қарқынын төмендетуге көмектеседі. Екіншіден, әкімшілендіруді жақсарту және цифрландыру нәтижесінде салық түсімдерін біртіндеп ұлғайту жоспарланып отыр. Үшіншіден, қарыз алу кезінде ішкі нарықтың өтімділігі барынша пайдаланылады. Бұдан басқа, заңнамада сыртқы қарыз қаражатын уақытылы игермегені үшін мемлекеттік органның бірінші басшысының жауапкершілігін белгілеу жөнінде норма қабылданғанын атап өткім келеді», деді ол.