Аймақтар • 16 Маусым, 2022

Орталық Азия елдерінің Тұрақты даму саласындағы мақсаттары бойынша саммит басталды

355 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орталық Азия елдері Алматыда өтетін жоғары деңгейдегі саммитте Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі прогресті талқылайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Орталық Азия елдерінің Тұрақты даму саласындағы мақсаттары бойынша саммит басталды

2022 жылғы 16-17 маусымда Алматы қаласында «COVID-тен тыс - Орталық Азияны әділдік негізінде қалпына келтіру жолында» Орталық Азия елдерінің Тұрақты даму саласындағы мақсаттары бойынша екінші өңірлік саммит өтеді. Саммитті Қазақстан Республикасының Үкіметі Еуропалық Одақ пен Азия Даму Банкінің (АДБ) қаржылық қолдауымен Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасымен (БҰҰДБ) әріптестікте ұйымдастырды. 

Өңірлік саммитке өңір елдері үкіметтерінің саяси көшбасшылары, халықаралық сарапшылар, халықаралық ұйымдардың, дипломатиялық топтардың өкілдері, жеке сектордың басшылары және Орталық Азияның азаматтық қоғамының өкілдері қатысады.

Саммиттің тақырыптық сессиялары Орталық Азиядағы өңірлік даму сын-қатерлерін және «жасыл» экономика мен климаттық күн тәртібіне назар аудара отырып, пандемиядан кейінгі қалпына келтіру стратегияларын талқылау үшін коммуникациялық платформаларды ұсынады. Қала әкімдерінің дөңгелек үстелі шеңберінде қатысушылар Орталық Азиядағы ірі және шағын қалаларды дамыту үшін жергілікті шешімдерді және ТДМ (Тұрақты даму мақсаттары) оқшаулау арқылы олардың тұрақты дамуға көшуін талқылайды. 

Жекелеген сессиялар сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, тұрақты даму үшін әйелдер мен жастардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, ТДМ-ге қол жеткізуді жеделдету үшін ТДМ қаржыландырудың синергиясын қамтамасыз ету және әріптестік мәселелеріне арналады.