24 Сәуір, 2014

Сенім грамотасын тапсырды

205 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан елшісі Ержан Мұқаш Оман Сұлтаны Қабус бин Саидке Сенім грамотасын тапсырды, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі. Тапсыру рәсімі аяқталғаннан кейін өткен қысқа сұхбат барысында қазақстандық дипломат Оман билеушісіне Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ыстық сәлемі мен ізгі ниетті тілектерін жеткізді. Сұлтан Қабус Қазақстан Президентіне жылы лебіздері үшін ризашылығын білдіре келіп, Қазақстан елшісінің екіжақты байланыстарды жандандыруға бағытталған міндеттерін атқару үшін Оман үкіметі тарапынан барлық жағдай жасалатынына сендірді.