Қаржы • 16 Маусым, 2022

Бюджет қаражаты тиімсіз жұмсалған - Есеп комитеті

467 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Есеп комитеті құқық қорғау органдарына 121 материал жолдады. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында 2021 жылғы бюджеттің орындалуы туралы есепті қарау кезінде Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бюджет қаражаты тиімсіз жұмсалған - Есеп комитеті

«2020 жылға қарағанда 2021 жылы бұл саладағы талаптарды бұзу деңгейі 27 пайызға аз болды. Есепті кезеңде тиімсіз жұмсалған қаражат сомасы 413 млрд теңгені құрады. Оның ішінде қаржы саласындағы талаптарды бұзу бағытында 79 млрд теңге анықталса, соның 85 пайызы бухгалтерлік есепке қатысты. Тиімсіз жоспарлау мен пайдалану тұрғысында 200 млрд теңгеден астам қаражат тіркелді. Республикалық бюджетке қайтарылған сома 17 млрд теңге болды. Бақылау шотындағы қалдық қаражат – 47 млрд теңге», деді Н. Годунова.

Оның айтуынша, соңғы үш жылда Есеп комитеті құқық қорғау органдарына 121 материал жолдаған.

«Қазіргі кезде 32 материал қаралып жатыр, сотқа тек 3 іс жіберілді. Осы орайда материалдың біразы бойынша тергеу амалдары қайта қозғалып жатыр. Атап айтқанда, жүргізілген аудитке қатысты Үкімет анықталған кемшіліктерді түзету бағытындағы жұмыстарды атқарып жатыр», деді Есеп комитетінің басшысы.

 

Соңғы жаңалықтар

Серіктестік құқы қорғалды

Инвестиция • Кеше

Тұмаудан амансыз ба?

Денсаулық • Кеше

«Cyberpol»-ға жұмыс көп

Құқық • Кеше