Президент • 16 Маусым, 2022

Қ.Тоқаев: Мемлекетіміздің атауын өзгерту - жауапсыз шешім

661 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлытауда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың І отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекетіміздің атауын өзгерту ұсыныстары жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қ.Тоқаев: Мемлекетіміздің атауын өзгерту - жауапсыз шешім

«Кейбір азаматтарымыз референдум кезінде мемлекеттің атауы да өзгеруге тиіс еді деген пікір айтып жүр. Олар «Қазақстан» атауындағы «-стан» сөзін елімізге де, бүкіл Азияға да жат ұғым деп санайды. Мұны да қисынды деп айтуға болмайды. Себебі, әлемде дәл осындай Пәкістан, Үндістан, Ауғанстан және Орталық Азия мемлекеттері бар», деді Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, мемлекетіміздің атауын өзгерту - жауапсыз шешім.

«Ең басты мәселе, біз Тәуелсіз еліміз – Қазақстан Республикасы атынан 30 жыл ішінде көптеген халықаралық келісімшарттарға қол қойдық, мемлекеттік шекарамызды бекіттік. Осындай жағдайда мемлекетіміздің атауын өзгерту жауапсыз шешім болар еді. Бұл – ең алдымен, ұлттық қауіпсіздігімізге және халқымыздың бейбіт өміріне тікелей әсері бар өте маңызды мәселе», деп түйіндеді Қасым-Жомарт Тоқаев.