Президент • 16 Маусым, 2022

Президент: Ұлытаудың ғасырлар бойғы миссиясы қайта жалғасын тапты

1024 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлт ұясы – Ұлытаудың ғасырлар бойғы ұлы миссиясы қайта жалғасын тапты. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың I отырысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент: Ұлытаудың ғасырлар бойғы миссиясы қайта жалғасын тапты

«Менің Жарлығыммен бұл өңірде жаңа облыс құрылғанын білесіздер. Қасиетті өлкенің атауын жаңғыртып, оны Ұлытау деп атадық. Дербес облыс мәртебесі осы аймақты тың серпінмен дамытуға мүмкіндік береді. Жұмыс орындары ашылып, халықтың әл-ауқаты жақсара түседі деп ойлаймын. Жаңа нысандар, солардың ішінде әлеуметтік кешендер бой көтереді, туристік әлеуеті артады.

Облыстың алғашқы қадамы алқалы жиыннан басталуда. Ұлт ұясы – Ұлытаудың ғасырлар бойғы ұлы миссиясы қайта жалғасын тапты», деді Мемлекет басшысы.

Еске сала кетейік, бүгін Ұлытауда Мемлекет басшысының қатысуымен Ұлттық құрылтайдың I отырысы өтіп жатыр.