Президент • 16 Маусым, 2022

Ұлттық құрылтай ел үмітін ақтайтынына сенемін - Тоқаев

1006 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Ұлытау облысында өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық құрылтай ел үмітін ақтайтынына сенемін - Тоқаев

«Құрылтайға Парламент депутаттары, саяси партиялар мен Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері де шақырылды. Үкіметтік емес және кәсіби ұйымдардың өкілдері де шет қалған жоқ. Құрылтай құрамына өңірлік қоғамдық кеңестердің мүшелерін қостық. Мен Ұлттық құрылтай атына заты сай болып, ел үмітін ақтайды деп сенемін. Бізде түрлі пікірталас алаңдары бар, бірақ құрылтайдың орны бір бөлек. Құрылтай - кең ауқымды жиын. Бірақ бұл жұмыстың сапасына кері әсер етпеуі керек», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы орайда Президент отырыстарды мұқият ұйымдастыру керек екенін баса айтты.

«Бұл жерде шын мәнінде халықтың үні естіліуі тиіс. Кез келген адамды құрылтайға қатыстыруға болмайды. Жұрттың мұң-мұқтажын, талап-тілегін жеткізетін азаматтар бас қосуы керек. Бұл ел бірлігін нығайтатын, қоғамды ұйыстыратын тың идеялар орталығы болатына кәміл сенемін», деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, бүгін Президент жаңадан құрылған Ұлытау облысына жұмыс сапарымен барды.

Сондай-ақ кеше Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтай құру туралы Жарлығы жарияланды.