Қоғам • 16 Маусым, 2022

Аймақтық диалогқа қатысты алға ұмтылуларыңызды қолдаймыз - ЕО комиссары

246 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Орталық Азия елдері Алматыда өтіп жатқан жоғары деңгейдегі саммитте тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі прогресті талқылап жатыр. Саммиттің түстен кейінгі пленарлы сессиясында Еуропалық Одақтың халықаралық әріптестік жөніндегі Комиссары Ютта Урпилайнен бейне үндеу жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтық диалогқа қатысты алға ұмтылуларыңызды қолдаймыз - ЕО комиссары

Ютта Урпилайнен Орталық Азиядағы тұрақты даму саласындағы мақсаттарға қол жеткізуге арналған бұл саммит өте дер кезінде өтіп жатқанын, пандемия  Орталық Азияның Тұрақты даму мақсаттарына жету жолындағы ілгерілеуін бәсеңдеткенін айтты.

Оның баяндауынша,  Ресейдің Украинаға қарсы агрессиясының салдары, мәселені одан әрі ушықтыра түсті. Бұл ретте ең осал топтар өте көп жоғалтуы мүмкін.

«Тұрақты даму мақсаттары - біздің тұрақты болашаққа деген жолымыздағы ортақ тұсбағдарымыз сияқты. Еуропалық Одақтың Орталық Азияға Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге көмектесу жолындағы өз бейілділігін растауға рұқсат етіңіздер. Біз сіздердің жағыңыздамыз, себебі біз тұрақты әрі инклюзивті болашақты құрып отырмыз. Біз сіздің аймақтық диалогқа қатысты алға ұмтылуларыңызды қолдаймыз»,  деп атап өтті Ютта Урпилайнен.   

Одан әрі спикер  жаңа «Global Gateway» стратегиямыз тұрақты және жоғары сапалы инфрақұрылымға инвестиция салу арқылы, Еуропа мен бүкіл әлемдегі серіктестерді байланыстыруға көмектесетінін айтты. Орталық Азияда бізде «Team Europe» атты екі аймақтық бастамамыз бар. Еуропалық Одақ 10 миллион еуроны құрайтын «DARYA» өңірлік бағдарламасын қолдап отыр. Бұл жастардың, соның ішінде оралған мигранттардың инклюзивті дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Бұл өңір экономикасын әртараптандыруға көмектесу үшін кәсіптік оқытуды қолдауымызға қосымша болады.

«Сонымен қатар біз еңбек мигранттары мен олардың отбасыларына көмектесу жобасын дайындап жатырмыз. Ақша аударымдарының ағынын және жаңа өсуді ынталандыру үшін ақылды цифрлық технологияларды пайдалануға басты назар аударылып отыр», деп атап өтті спикер.