Аймақтар • 16 Маусым, 2022

Ақмола облысында үш бала суға батып кетті

274 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Екі күннің ішінде Ақмола облысының су айдындарында үш бала суға батып кетті. Бұл туралы брифингте Ақмола облысы ТЖД бастығының орынбасары Қайрат Қасым айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмола облысында үш бала суға батып кетті

«Аршалы ауданы Жібек Жолы ауылындағы демалыс аймағында 2010 жылы туған қыз суға батып кетті. Ал Астрахан ауданында, Первомайка ауылының маңында, Есіл өзенінде 6 және 9 жастағы екі кәмелетке толмаған бала суға батты», делінген облыстық ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Айта кетсек, шомылу маусымы басталғанға дейін Ақмола облысы ТЖД ЖҚБ қызметкерлері су айдындарына тексеру жүргізді. Зерттеу нәтижесі бойынша Жібек Жолы ауылындағы су қоймасының түбі суға шомылуға жарамсыз екені анықталды.

Жылы ауа райына қарамастан, су температурасы әлі қызған жоқ. Облыс аумағында 10 коммуналдық және 59 жеке жағажай жұмыс істейді. Бүгінгі күні 85 су қоймасы тексерілді.